07 Шілде 2026, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясына ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қатысты.
Қайырхан Тұтқышбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанда бүгінгі күні газ бағасын көтеру туралы мәселе қаралып жатқан жоқ екенін атап өтті.
Сондай-ақ Парламент Палаталарының бірлескен отырысында берілген Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда өңірлерді газбен қамтамасыз ету жеделдетіліп, 2035 жылға қарай халықты қамту деңгейі 80%-ға жететіні атап өтілді.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда елді газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жетті, ал табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізді. Биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту 40 жоба шеңберінде жалғасады, оның ішінде 7 ауыспалы және 33 жаңа жоба.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу