1 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 1 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  • ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов;

  • ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу