12 Қазан 2026, 17:40
Сейсенбі, 13 қазан күні, сағат 15:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер:
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;
ҚР қаржы министрі Мәди Такиев;
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов;
ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу