23 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 23 желтоқсан күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — микро және шағын бизнесті қолдау шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  • ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;

  • ҚР қаржы министрі Мәди Такиев;

  • «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Рустам Қарағойшин қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу