25 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі, 25 маусым күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

- ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев;

- ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрлері Нұркен Шәрбиев және Жомарт Әлиев;

- қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу