23 Шілде 2025, 16:00
Бейсенбі, 24 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Күн тәртібі – Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру барысы.
Баспасөз конференциясына:
- ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев;
- ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова;
- ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов;
- ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев;
- ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова;
- ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қатысады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу