20 Қараша 2025, 20:55

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Өңір басшысы онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан шаралар баяндалды.
Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысы негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсім көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Басты міндет — халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрақты экономикалық өсім мен инфрақұрылымды дамыту.
Осы жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 129%-ға, инвестициялар 117%-ға, құрылыс жұмыстары 116%-ға, ауыл шаруашылығы 115%-ға өсті. Жергілікті кірістер түсімі 195 млрд теңгеге жетті. Өңірде 23 мың жұмыс орны құрылды, оның 17 мыңы — тұрақты жұмыс орындары. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. Орташа жалақы 403 мың теңгеге жетті. Жалпы өңірлік өнім 5,5 трлн теңгеден асады деп күтіліп отыр.
Облыста жаңа инвестициялық контур қалыптасып келеді: жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын 81 жобаны іске асыру жоспарланса, оның 64-і қазірдің өзінде белсенді жүзеге асырылуда. 2025 жылы 55 млрд теңгеге 15 жоба іске қосылмақ. Айтулы шаралардың бірі - халықаралық «Алтай Инвест» форумы болды. Соның нәтижесінде 740 млрд теңгенің 40 меморандумына қол қойылды.
Тау-кен металлургия кешенін дамытуға ерекше назар аударылған. Жаңа кен орындарын игеру, литий материалдары өндірісін дамыту және қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту жұмыстары басталды. «Ульба-ТВС» кәсіпорны отын жинақтарын өндіру бойынша жобалық қуаттылыққа шықты.
Ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. Астық өнімі 101,5%-ке, майлы дақылдар – 107%-ке артты. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі - 66%-тен 71%-ке дейін өсті.
Цифрлық жүйені пайдалану арқылы егістік жерлердің 40%-і өнімділікті гектарына 30 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Агрөөнеркәсіп кешенінде сыртқы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Қытай, Ресей және Өзбекстанмен өзара іс-қимыл жолға қойылған. Ірі қытайлық сауда компанияларымен, жалпы құны –
$50 млн-ға май өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасалды.
Сол сияқты мал шаруашылығы өнімін Қытай нарығына шығару үшін, биыл, зерттеу нәтижелері әлемнің 112 елінде танылған арнайы сертификаттау зертханасы құрылды.
ШҚО бал өндіру бойынша елдегі жетекші орынды сақтап келеді. Облыс республика көлемінің 50%-дан астамын бал өнімдерімен қамтиды. Өңір экспорттаушыларының өнімдері Қытай және ЕО нарықтарына шығуда.
Балық шаруашылығында да өңір көш бастап тұр. Биыл 2,5 мың тонна тауарлы балық өндіріледі. Балық өсіру ісі де 2,5 есеге ұлғайды. Сібір бекіресін қалпына келтірілу үшін Қара Ертіске 61 мыңнан астам балық шабақтары жіберілді.
Шағын және орта бизнес – 152 мың шығысқазақстандықты жұмыспен қамтып отырған маңызды сала. Биылдың өзінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті қолдауға 92 млрд теңге бөлінді.
Туризм де экономиканың маңызды драйверлерінің біріне айналды. Велнес, тау шаңғысы, экологиялық және қалалық туризм бағыттары дамып келеді. Жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» кешені және халықаралық қонақүй операторларының жобалары жүзеге асырылуда. Медициналық туризм де белсенді дамып келеді.
Инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуде: екі әуежайдың құрылысы жүріп жатыр, өткізу пункттері жаңғыртылуда, 856 шақырым көлік жолы жөнделді. Өскемен қаласында екі көпір мен жол айрықтарын салу жобалары іске асырылып жатыр. Сумен жабдықтау және энергетикалық инфрақұрылым жаңғыртылуда.
Әлеуметтік салада мектептер мен медициналық нысандар салынып, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында
3 мың орындық 7 заманауи мектеп салынды. Өңір бюджеті есебінен 3 мың орындық 3 мектеп құрылысы аяқталды. Қосымша 600 орындық 7 шағын мектеп құрылысы жалғасуда. Әлеуметтік ынтымақтастық аясында «Казцинк» Риддерде 600 орындық мектеп құрылысын жүргізуде.
Кәсіптік білім беру еңбек нарығымен тығыз байланыста дамып келеді. Пилотсыз жүйелер, логистика, әуе көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, су көлігі, төтенше жағдайларда қорғау сияқты жаңа мамандықтар бойынша дайындық жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет көрсету мен инфрақұрылымды жақсарту бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында 36 ауылда медицина нысан құрылысы аяқталады. Ұлан ауданында бір ауысымда 150 адам қабылдайтын заманауи аудандық емхана ашылды. Риддерде аурухана кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.
Өскеменде Ана мен бала орталығы және Гематология орталығын біріктіретін заманға сай медициналық кластер құрылуда. Кейін оның құрамына 300 төсек-орындық көпсалалы аурухана кіретін болады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы Нефрология орталығын құру жобасы іске асырылады. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасуда.
Биыл 118 маман оқытылды, оның ішінде 72 маман Түркия, Израиль, Германия, Қытай және басқа елдердің жетекші медициналық орталықтарында оқыды.
Жергілікті университет ғалымдары Ұлттық травматология және ортопедия орталығымен бірлесе отырып, импланттың алты түрін жасап шығарды. Омыртқа аралық кейдж және пластина орнату бойынша 137 ота жасалды.
Қазақ онкология және радиология институтымен бірлесе отырып, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған титан ұнтағынан имплантаттар жасалуда.
Облыста бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Үш мыңға жуық іс-шара өтті. 3,5 мыңнан астам спортшы табысты нәтиже көрсетті.
Биыл «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан Республикасы Кубогын жеңіп алды. Волейболдан әйелдер құрамасы Ұлттық лигада екінші орынды иеленді.
«Алтай» футбол клубы Бірінші Лиганың қола жүлдегері атанып, Қазақстан Республикасы Чемпионатының Премьер-Лигасына жолдама алды. Бұл – өңірде кәсіби футболдың қайта жандануына серпін берді.
Өңірде экологиялық жағдайды жақсарту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өскемендегі ауа сапасының жағдайы бәрімізге белгілі. Қаланың географиялық жағынан таулы ойпатта орналасуы мен екі өзеннен тұманның пайда болуы да қолайсыз ауа-райының қалыптасуына әсерін тигізуде.
Ауа сапасына экологиялық мониторинг жүргізу бағдарламасы аясында экологиялық тәуекелді төмендету үшін
25 бақылау бекеті желісін құру жобасы іске асуда. Алдағы уақытта бұл платформа кәсіпорындарда орнатылған тіркеу аспаптарын біріктіру арқылы кеңейтілмек.
Ірі кәсіпорындармен қолайсыз ауа райы жағдайында өзара бірлесіп әрекет ету туралы меморандумдарға қол қойылды. «Өскемен тынысы» қоршаған ортаны қорғау бюросы жұмыс істейді. Оның құрамына тәжірибелі экологтар, қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Баспасөз конференциясы соңында Нұрымбет Сақтағанов әзірленіп жатқан 2030 жылға дейінгі ШҚО Даму стратегиясының өңірде әртараптандырылған экономика, заманауи инфрақұрылым және тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталатынын атап өтті.
#ӨңірлерҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу