Үкіметте ішкі нарыққа мұнай мен газ жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету талқыланды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Энергетикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Қатысушылар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру аясында  жаңа инвестициялық жобаларды газбен жабдықтау, ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу, сондай-ақ тиісті энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #Энергетикалық кеңес

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу