200-ден астам теміржол вокзалдары жолаушылар ағыны ұлғаятын жаз маусымына дайындалуда

Теміржол вокзалдары жолаушылар ағыны ұлғаятын жаз маусымына дайындалуда, деп хабарлады  «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ.

«200-ден астам теміржол вокзалдары жолаушылар ағыны ұлғаятын жаз маусымына дайындалуда», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, ұлттық компанияда хабарлағандай, көктемгі комиссиялық тексеріс кезінде вокзалдардағы инжинерлік-техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың талаптарға сай болуы бағаланды. Ауа райының ыстық күндерінде жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында желдеткіштер мен ауа баптағыштардың жай-күйі, күту залы мен демалу бөлмелеріндегі құрал-жабдықтар жіті тексерілуде.

«Биылғы көктемде елордадағы басты «теміржол қақпаларын» жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астана вокзалының перронында қосымша сыртқы жарықтандыру құралдары орнатылды. Ақпараттық-жарнамалық тақталар ілініп, жолжиектер жаңартылды», - деді «Вокзал қызмет» АҚ Солтүстік аймақтық филиалының директоры Нұрхат Кенжин. 

Оның айтуынша. жақын арада комиссия астаналық вокзалдың жаз маусымына дайындығын тексереді.

Бұдан өзге, еліміздегі теміржол вокзалдарына қарасты аумақтарда да ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Көктем келісімен 150 түп ағаш егілген.

Осы жылдың 5 мамырына дейін жалғасатын комиссиялық тексерістің қорытындысы бойынша, анықталған жетіспеушіліктерді жою үшін арнайы шаралар жүргізіледі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу