Тікелей трансляция

Жаңалықтар тізбегі

Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары, спорттық және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі екі есеге жуық артты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: жаңғырту нәтижесінде шекара инфрақұрылымының өткізу қуаты 2,6 есеге артты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерін жүзеге асыру аясында Үкімет атынан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шекара инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

Олжас Бектенов «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту туралы: құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту, самокаттар мен скутерлер пайдалануды реттеу, көлік жүргізушілерін даярлау, жасырын патрульдеу жол-көлік оқиғаларының санын азайтты

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жиында ішкі істер министрі Ержан Сәденов, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ағымдағы жағдай туралы баяндады. Сондай-ақ Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Абай облысының әкімі Берік Уәли, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндама жасады.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі үш есеге жуық артып, 700 мың гектардан асты

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін су ресурстарын үнемдеу және заманауи суару технологияларын кеңінен енгізу міндеттерін айқындады. Үкімет су ресурстарына түсетін жүктеменің артуына байланысты аграрлық секторда суды пайдалану тәсілдерін кезең-кезеңімен жаңғыртып, су ысырабының алдын алуға және суару тиімділігін арттыруға басымдық беріп келеді.

Үкімет Аппараты Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Премьер-министр мен вице-премьерлер бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында EXPO кешенінің аумағында өткен экологиялық іс-шараға қатысты. Аталған ауқымды экологиялық қозғалыстың негізгі қағидаттары, Қазақстанның жаңа Конституциясында бекітілгендей, табиғатқа ұқыпты қарау көзқарасын қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Мердігерлердің шағымынан бастап қатаң бақылауға дейін: Ұлттық жоба аясындағы отырыс немен аяқталды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы өтті. Жиында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының қалай жүзеге асырылып жатқаны, келесі жылғы жобалардың дайындығы, сондай-ақ қаржыландыру, цифрландыру және отандық өндірушілерді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жолдауларында берген тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде ЖИ-мен жұмыс істеудің базалық дағдыларын меңгеруге, оны оқу процесінде және кәсіби қызметте қолдануға, сондай-ақ өз технологиялық шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламалары, орталықтар мен цифрлық платформалар құрылуда.

Қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу 2029 жылға ауыстырылады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 28-ші отырысында қатты пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу, сондай-ақ несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық берешекті есептен шығару кезінде жеке тұлғаларды жеке табыс салығынан (ЖТС) босату мәселесі қаралды.

Үкіметтің қызмет көрсету саудасын реттеуді жетілдіру жөніндегі заң жобасын Құрылтай депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады

Үкімет Құрылтай депутаттарына «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынды.

Әрі қарай