ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2026

17 қараша күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

  • Отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселелері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин баяндама жасады. 
  • Ағымдағы ахуал және алдағы жоспарлар туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері жалпы инвестиция көлемі 900 млрд теңгені құрайтын 125 жоба жүзеге асырылды. Қалған жобалар аяқталуға жақын, іске қосуға дайындалуда. Он айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 9,3%-ға өсіп, оң динамика көрсетті. Салаға серпін беретін маңызды бағыттардың бірі – жалпы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеден асатын 200 жаңа жобаны іске қосу. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 5,5 мың жұмыс орны ауылдық жерлерде құрылады. Жобалар толық қуатына шыққан жағдайда, жыл сайын шамамен 1,5 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, 500 млрд теңгесі экспортқа бағытталады.
  • Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылдың тоғыз айында энергетика секторындағы жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алу көлемі 3,553 трлн теңгені құрады деп мәлімдеді. Оның ішінде 2026 жылға бекітілген жоспар 60,7% болған кезде, елішілік құндылық 1,967 млрд теңгені немесе 55,4%-ды құрады. Бұл ретте бұрын жасалған меморандумдарды/келісімдерді нақты келісімшарттарға көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде жыл соңына дейін елшілік құндылық көрсеткіштерінің 65,5%-ға дейін ұлғаюы күтіледі.
  • Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және саланың экспорттық әлеуетін кеңейту шаралары туралы баяндама жасады. Оның сөзінше, отандық өндірушілерді қолдау және шаруашылықтарды технологиялық жаңғырту нәтижесінде биылғы жылдың он айында өсу қарқыны қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 8,9 трлн теңгені құрап, 5,2%-ға өсті. Өсімдік шаруашылығындағы өсім 6,4%-ды, мал шаруашылығында 3,2%-ды құрады. Азық-түлік өндірісі 13%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті.
  •  ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин отандық өндірісті қолдау шаралары үш бағыттан тұратыны, әр бағыттың өз міндеті  барын атап өтті. Оның біріншісі – сенімді цифрлық объектілер тізілімі. Ол IT компанияларға арналған. Екінші – Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі. Ол  өнім шығаратын компанияларға арналған. Екі тізілім де сатып алуда басымдық береді. Үшінші бағыт – жер қойнауын пайдаланушыларды  цифрландыру. Бұл компаниялар табысының 1%-ын ғылым  мен инновацияға бөледі.
  • Премьер-министр Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық өнімдер мен компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елімізде шығарылатын өнімдерге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы кепілді сұранысты қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударғанын атап өтті. «Халықтық құрылыс» бағдарламасын кең ауқымда жүзеге асырудың басталуына байланысты Өнеркәсіп министрлігіне әкімдіктермен, «Бәйтерек» холдингімен және «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, аталған бағдарламаға отандық өндірушілердің қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.  

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу