28 Қазан 2025, 15:59
28 қазан күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы өтті.
Онда электр энергетикасын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ энергетика секторы ұлттық компанияларының өкілдері баяндама жасады.
Энергетика министрі 26 ГВт-тан астам жаңа қуат көздерін қосу қарастырылып отырған «Энергетика саласын 2035 жылға дейінгі дамыту жоспары» аясындағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасып жатқанын айтты. Жаңа қуаттарды іске қосу қолданыстағы стансаларды жаңғырту арқылы да және жаңа қуат өндіру қондырғыларын салу арқылы да жүзеге асырылады. Министрлік 2029 жылға дейін еліміздің энергетика жүйесінде жаңадан 6,7 ГВт қуат көздерін іске қосуға мүмкіндік беретін 68 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Жаслан Мадиев электр энергиясын дамыту мен цифрландыру – электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну тиімділігін арттырудың негізгі факторларына айналатынын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар, соның ішінде Энергетика министрлігі Цифрлық трансформация картасын бекітті. Ол Smart Grid, цифрлық егіздер, мониторинг жүйелері және жасанды интеллектіге негізделген болжау технологияларын енгізу кезеңдерін айқындайды.
Премьер-министр жоспарланған барлық энергетикалық жобаларды уақтылы жүзеге асырып, жаңа технологиялық шешімдерді, соның ішінде энергияны жинақтау жүйелерін және гибридті электр стансаларын іске қосудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу