ҚР Үкіметінің отырысы, 7.07.2026

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

  • Онда газ саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «QazaqGaz» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.

  • Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов газ саласын дамыту мәселесі бойынша кеңінен ақпарат берді. Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында екі негізгі құжат бекітілді. Олар – Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2025 – 2029 жылдарға  арналған  кешенді жоспары және 2035 жылға дейінгі көмірсутек шикізатының жаңа перспективалы кен орындарын игеру жоспары.

  • Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында 2025 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Газпром» жария акционерлік қоғамы арасында «Есіл – Астана» магистралдық газ құбырын салу жобасы туралы меморандумға қол қойылды. Оны жүзеге асыру Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын газбен тұрақты түрде қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің 4 солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу маршруттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Жобалар уақтылы қаржыландырылған, сондай-ақ «Есіл – Астана» магистралдық газ құбыры жобасы табысты жүзеге асырылған жағдайда, елді газдандыру деңгейін 2035 жылға қарай 64,2%-дан 80%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

  • Олжас Бектенов экономиканың дамуы халық пен өнеркәсіп тарапынан газға сұраныстың тұрақты өсуімен қатар жүретінін, сондықтан саланы дамыту озық қарқынмен жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты Энергетика министрлігіне, «Самұрық-Қазына» АҚ және «QazaqGaz» АҚ-ға Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзен газ өңдеу нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын апта сайын бақылау жүйесін енгізуді тапсырды. Бұл жобалар ішкі нарық үшін тауарлы газ өндірісін арттырып, мұнай-газ химиясы саласын дамытудың драйвері болуы тиіс.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу