2020 жылғы 11-17 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
11 мамыр күні Қазақстан Президенті Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді.
Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
Сәрсенбі күні Асқар Мамин Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі ҚР Президенті жанындағы комиссия отырысын өткізді.
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысын тексерді және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап көрді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.
Премьер-Министр жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, көктемгі егіс жұмыстары мен энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын тексерді, сондай-ақ Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындықты көрді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз