Депутаттық сауалдар

Премьер-Министр — Асқар Мамин

Үкімет халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау, елдің тұрақты әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған  саясатты ұстанады. 

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының статистикалық мәліметтері бойынша  (15 және одан жоғары жастағы ғаламшар ауқымында жан басына шаққанда таза этанол литріндегі алкогольді тұтыну деңгейі бойынша) Қазақстанда алкогольді тұтыну деңгейінің 2010 жылғы 9,3 литрден (34-орын) 2016 жылы 7,7 литрге дейін (73-орын) төмендеуі байқалады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес  соңғы бес жылда маскүнемдікпен ауыру 57,5 %-ға 2014 жылы 36307-ден 2018 жылы 15421-ге дейін азайған.  

Халықтың мінез – құлықтық қауіп факторларының алдын алу (темекі және темекі емес өнімдері мен алкогольді пайдаланудан бас тарту) мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 

2018 жылы жалпы білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарында, жұмыс ұжымдарында, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында алкогольді тұтынудың алдын алу бойынша жалпы саны 700 мыңнан астам адамды қамтитын 42 мыңнан астам іс-шара өткізілді. 

Республикалық және өңірлік маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында 400 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды.  

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда алкоголь ішу, алкогольді заңсыз бөлшек саудада сату, мас күйінде көлік жүргізу фактілерін болдырмайды, сондай-ақ мас күйіндегі адамдарды айықтыру үшін арнайы денсаулық сақтау ұйымдарына оқшаулайды.  

Тек ағымдағы жылдың басынан бері қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – Әкімшілік кодексі) 440-бабы бойынша 75 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның  4,4 мыңнан астамы уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарына орналастырылды.  

Алкогольдік өнімдерді сату бойынша жас  және уақытша шектеулерді бұзудың 1,3 мыңнан астам фактісі анықталды.  

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі тұрақты негізде заңсыз алкоголь өнімін  анықтау және жолын кесу  бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын  атап өткен жөн, осылайша 2018 жылы 2 849 құқық бұзушылық фактілері анықталып, айналымнан  5 963 мың литр алкоголь өнімі, 312,2 мың литр этил спирті және 23 097,9 мың қорап темекі бұйымдары тәркіленді, сондай-ақ заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын жасырын 23 цех анықталды. 

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобаларының шеңберінде мынадай мәселелер пысықталуда: 

  • кәмелетке толмағандардың мамандандырылмаған сауда орындарында алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға және алкогольді ішімдіктерді пайдалануына тыйым салуды енгізу; 
  • кәмелетке толмағандардың алкогольді пайдаланғаны үшін ата-аналарының немесе кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің әкімшілік жауапкершіліктерін енгізу; 
  • Әкімшілік кодексіне мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда алкоголь өнімдерін 23-00-ден келесі күні сағат 8-00-ге дейін, этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін 21-00-ден келесі күні сағат  12-00-ге дейін олардың аумағынан тыс алып шығып бөлшек саудада сатқаны үшін жауапкершілікке тарту бөлігінде нормалар енгізу.  

Оқу орындарынан 100 метр радиуста алкоголь ішімдіктерін сатуға тыйым салуды енгізуге қатысты 

Білім беру мекемелерінен 100 метр радиуста алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салу «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен балаларды алкогольді өнімнен қорғау жөніндегі мемлекеттік реттеудің мақсаттарына қол жеткізбеуге және талаптардың бірдей еместігіне байланысты күшін жойғанын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда елді мекендерде балабақшалардың, білім беру объектілерінің, мектепке дейінгі курстардың, шағын орталықтардың белсенді құрылысы байқалады, нәтижесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі тыйым салынған  100 метрлік аймақта болуы мүмкін, бұл сөзсіз бизнес субъектілеріне уақытша және қаржылық қосымша шығындарға әкеп соғады.

Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі кедергілерге қатысты

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 2-тармағында ішкі нарық экономикалық кеңістікті қамтып, онда ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне сәйкес тауарлардың, тұлғалардың, көрсетілетін қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі деп белгіленген. 

Алайда қазіргі таңда, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекеттерінде алкоголь өнімдерінің өзара саудасында кедергілер мен шектеу шаралары бар, осыған байланысты Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап импорттық алкоголь өніміне қатысты қамтамасыздырылған төлем енгізілген болатын.  

Алкогольді өнімдерді мемлекеттік реттеу кезінде реттеушілік әсерді талдауға қатысты 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде  бизнес субъектілерінің қызметіне шамадан тыс жүктемемен және негізсіз араласумен байланысты мемлекеттік органдар тарапынан реттеушілік әсердің жаңа шараларынан тосқауыл қоюды қамтамасыз ететін және болжамдалған жүктеменің әсер ету дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін реттеушілік әсерді талдау институты көзделген.  

Бұдан басқа, Мемлекет Басшысы 2019 жылы 24 мамырда Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында өз сөзінде қолайлы іскери ортаны қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті тиімді қолдау, бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша міндеттерді айқындады.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асырудың бір құралы бизнесті реттеуді қатаңдату орындылығын объективті бағалау немесе оның болмауын қамтамасыз ететін реттеушілік әсерді талдаудың рәсімі болып табылады.

Баяндалғанның негізінде, алкоголь өнімін мемлекеттік реттеу кезінде реттеушілік әсерді талдаудың міндетті рәсімін алып тастау туралы ұсыныс қолдау таппайды.


Премьер-Министр — Асқар Мамин

Уақытша арнайы лингвистикалық сараптама тобының (бұдан әрі – сараптама тобы) қызметін тоқтатуға қатысты 

Сараптама тобының құрамына Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының аппараттары мен Үкіметінің өкілдері кіреді, сондықтан оның қорытындылары көрсетілген мемлекеттік органдардың лингвист-сарапшыларының ортақ позициясын білдіреді. Сараптама тобы қызметінің нәтижесінде келісудің тиісті деңгейлерінде сараптамадан өтуі барысында ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың қол қойылған мәтіндеріне елеулі өзгерістер енгізу практикасы тоқтатылды.

Мұндай тәсіл халықаралық шарттар мәтіндерінің теңтүпнұсқалы болмауына байланысты контрагенттермен нота алмасу фактілерінің санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Мұндай фактілер Қазақстан Республикасының имиджіне кері әсерін тигізгендіктен, Парламент депутаттары тарапынан қатаң сынға алынған болатын. 

Құрылған уақыттан бері  сараптама тобы 500-ден (бес жүзден) астам халықаралық шарттардың жобаларын сараптамадан өткізгенін атап өту қажет. 

Ағымдағы жылдың өзінде сараптама тобы Қазақстан Республикасы қызметінің түрлі салаларын қамтитын 26 халықаралық құжатты қарап, олардың мемлекеттік тілдегі мәтіндерінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берді. Халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдар сараптама тобының ескертулері мен ұсыныстарын басшылыққа алады.  

Осыны ескере отырып, сараптама тобының жұмысын жалғастыру орынды деп есептейміз. 

Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мәселесі қолданыстағы заңнамада реттелгенін атап өтеміз. Айталық, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына сәйкес халықаралық шарттардың теңтүпнұсқа мәтіндерінің біріне қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының сәйкес болуын оны жасауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы қамтамасыз етеді. 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің  104-тармағында Парламент Мәжілісіне енгізілетін заң жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалы болмағаны үшін жауапкершілік заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты бірінші басшының орынбасарына жүктелетіні көзделген. Қазіргі уақытта Үкімет Регламентіне осы жауапкершілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.  

Заң жобалары мәтіндерінің бірізділігі мен теңтүпнұсқалылығына қатысты  

Ұлт терминологиясын біріздендіру шеңберінде құрамына Парламент палаталарының депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Парламент Палаталары аппараттарының, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері және т.б. кіретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тұрақты негізде жұмыс істейді. Аталған комиссия шешімдерімен бекітілген терминдер мемлекеттік тілдегі құжаттарды әзірлеу барысында негізге алынады.  

2018 жылы Комиссияның 6 отырысы өтті. Комиссия отырыстарында  3 300 термин бекітілді. 

Үстіміздегі жылы Комиссияның 5 сәуірде және 28 маусымда 2 отырысы өтіп 1909 термин бекітілді.  

Терминдерді біріздендіру, ұлттық терминологияны дамыту, терминологиялық қорды толықтыру, сонымен бірге  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған терминдердің жүйелі түрде бірізді қолданылуын іске асыру мақсатында «Termincom.kz» сайты жұмыс істейді. Аталған сайтта баршыға қол жетімді болу үшін бүгінгі күнге дейін бекітілген терминдер орналастырылған. Сонымен бірге жүйелі түрде жоспарға сай терминология тақырыбына арналған республикалық семинарлар, конференциялар ұйымдастырылып өткізіліп отырады. Аталған шаралар сұрақ-жауап форматындағы офлайн және онлайн түрінде өткізіледі.  

Сонымен қатар, сіздердің сауалдарыңызда атап өтілгендей, қазіргі уақытта құзыретті мемлекеттік органдардың түрлі сипаттағы объективтік және субъективтік себептерге байланысты заң жобаларын орыс тілінде әзірлеу тәжірибесі қалыптасқан. Бұл мәселені Үкімет пен заң шығару бастамасы құқығына ие ҚР Парламенті депутаттарының тығыз іс-қимылы арқылы шешуге болады деп пайымдаймыз.  

Бұл ретте, заң шығару процесінің аталған субъектілері заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуге ниет білдірген жағдайда ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты заңнамалық актілердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша құқықтық, ғылыми-әдістемелік жәрдем көрсетуге әзір екенін хабарлаймыз. 

Депутаттық сауалдар жауаптарының сапасына қатысты 

Парламент депутаттары тарапынан Үкімет Басшысының, Үкімет мүшелерінің атына жіберілетін депутаттық сауалдарға сапалы әрі толық жауап беру мәселесі ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 29 сәуірдегі және 14 мамырдағы отырыстарында қаралып, мемлекеттік органдарға Үкімет қорытындыларының, сондай-ақ депутаттық сауалдарға жауаптарды сапалы дайындау және мерзімдерін қатаң сақтау тапсырылды.  

Бұдан басқа, Үкіметтің заң шығару қызметі және Парламентпен өзара ісқимыл бойынша жұмысты жақсарту туралы мәселе ағымдағы жылғы 16 шілдеде мен төрағалық еткен кеңесте қаралып, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдарға берілетін жауаптардың сапасын арттыру туралы тапсырмалар берілді. 

Бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында.  


Премьер-Министр — Асқар Мамин

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» қолданыстағы Заң (бұдан әрі ‒ Заң) Қазақстан Республикасында лотерея және лотерея қызметі саласында қоғамдық қатынастарды реттейді, лотереяларды өткізудің тәртібін және шарттарын айқындайды, сондай-ақ лотерея және лотерея қызметі саласында мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздерін орнатады. 

Заңға сәйкес еліміздің аумағында жүлде қоры сату сомасының кемінде елу пайызын құрайтын тираждық және жедел лотереяларды өткізуге ғана рұқсат етілген.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі «Сәтті Жұлдыз» АҚ (бұдан әрі ‒ Қоғам) Дүниежүзілік және Еуропалық лотереялық қауымдастықтардың тұрақты мүшесі болып табылатын лотереяның операторы етіп анықтады. Аталған қауымдастықтар мүшелерінің қызметі әлеуметтік жауапкершілікке және лотерея ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына бағытталған, бұл ұтыстардың ашықтығы мен кездейсоқтығының кепілі болып табылады. 

Заңның талаптарына сәйкес тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу кезінде оператор тираждық комиссия құрады және телеарналарда немесе интернет желісінде ұтыстарды айқындау рәсімін тікелей эфирде көрсете отырып жүлде қоры ұтыс ойынының көрсетілімін қамтамасыз етеді. 

Анықтама: Кепо тираждық лотереясы бойынша 7-арнада тираждық лотереялардың күнделікті көрсетілімі, әр сәрсенбі сайын 6/49 тираждық лотереясы бойынша, әр сенбі сайын TeleBingo тираждық лотереясы бойынша. 

Таратылған лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, тіркелген лотерея мөлшерлемелері туралы, өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпарат байланыс желілеріне қосылған аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде (бұдан әрі ‒ Министрлік) орналасқан Лотерея есептілігінің орталығына келіп түседі.

Бұдан басқа, Заңның 14-бабына сәйкес лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан, тіркелген лотерея мөлшерлемелерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын спортты дамытуға тоқсан сайын бағыттауға міндетті. 

Министрлік Қоғаммен және «Туризм және спорт индустриясы қоры» корпоративтік қорымен (бұдан әрі ‒ Қор), соның ішінде спортты дамытуға аударымдарды жасаудың тәртібін көздейтін, спортты дамыту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

2018 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Министрліктің ақпаратына сәйкес Қорға Қоғам аударған қаражаттың көлемі 40,0 млн теңге құрады. Сонымен қатар, 2018 жылғы маусымда Министрлік Қорды Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне (бұдан әрі ‒ ҰОК) алмастыру туралы шешім қабылдады. Ағымдағы жылғы шілдедегі жағдай бойынша Қоғам ҰОК-қа 128 млн. теңге аударды. 

Жоғарыда айтылғанның негізінде Министрлік лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуші ретінде «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторының қызметіне бақылау жүргізеді. 


Премьер-Министр — Асқар Мамин

Өндірістің толық циклі бар отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын салықтардан (қосылған құн салығынан, корпоративтік табыс салығынан) белгілі бір мерзімге босатуға қатысты (салықтық демалыс) 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында икемді салық жүйесі және кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға бағытталған салықтық жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі жұмыс жасайды. 

Осылайша мемлекет шағын және орта бизнес үшін салықтарды есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін көздейтін мынадай арнаулы салық режимдері түрінде салық салудың жеңілдетілген жүйесін ұсынады: 

  • патент негізіндегі арнаулы салық режимі; 
  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі; 
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі. 

Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) қатысушылары үшін салық заңнамасымен корпоративтік табыс салығынан, жеке табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнен босату көзделген. 

Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарға корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан, шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату, сондай-ақ кеден баждарын салудан босату, мемлекеттік заттай гранттар беру түріндегі салықтық жеңілдіктер көзделген. 

Жоғарыда көрсетілген салықтық ынталандыру шараларынан басқа, салық төлеушілер преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) осындай объектілерді, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша, реконструкциялау мен жаңғыртуға арналған кейінгі шығыстарды шегерімге жатқызу үшін инвестициялық салықтық преференцияларын қолдануға құқылы. 

Осылайша жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін салықтық жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдау шаралары жеткілікті көзделген. 

Ал корпоративтік табыс және қосылған құн салықтары бойынша салықтық демалыс беру мәселесіне қатысты, бұдан бұрын жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін алғашқы үш жылда кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін ынталандыру және жаңа өндірістердің дамуын қолдауға бағытталған салықтарды төлеуден босату тәжірибесі енгізілген болатын.  

Алайда, бұл жеңілдік кәсіпкерлікті ынталандырудың тиімді құралы болмады, себебі жеңілдік шағын және орта бизнес субъектілеріне кәсіпкерлік қызметтерін қайта тіркеу арқылы салықтан жалтаруға мүмкіндік берді. 

Осылайша корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан салықтық демалыс беру мәселесі қолдау таппайды. 

Сонымен қатар қазіргі таңда қызметінің бастапқы кезеңінде инвесторларға жүктемені азайту мақсатында инвестициялық салықтық кредитті енгізу мәселесі қарастырылуда.  

Импортталатын дайын өнімге кедендік әкелу бажының мөлшерлемелерін кедендік құнынан 50% - ға дейін ұлғайтуға қатысты 

Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) туралы шартқа сәйкес ЕАЭО аумағында Бірыңғай кедендік тариф қолданады, оған сәйкес жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері 0% - дан 17,5% - ға дейін құрайды. 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіру кезінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес кейбір тауарларға қатысты БКТ-да көзделгеннен төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданады. Осылайша ДСҰ алдындағы міндеттемелерге сәйкес жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне кедендік әкелу бажы кеден құнының 0-ден 15% - ға дейін құрайды. 

Бұл ретте ДСҰ-ға мүше болу шарттары бойынша жоғарыда айтылған деңгейлердегі кедендік мөлшерлемелердің ұлғаюы бұзушылық болып табылады және өтемақылық талқылауға әкеп соғуы мүмкін. 

Баяндалғанды ескере отырып, жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін 50%-ға дейін арттыру жөніндегі мәселені пысықтау мүмкін емес. 

Жалпы жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері Үкіметтің бақылауында екенін атап өтеміз. 


Премьер-Министр — Асқар Мамин

Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта көрсетілген Кешен Университет жанында жұмыс істейді және Кешен мен Университеттің инфрақұрылымын жабдықтау мен жаңарту бойынша шаралар жалпы қабылданып отыр.  

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы (реконструкция, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және бас жоспар негізінде орындалатын құрылыс жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. 

Осыған байланысты, қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді және «НИВА» спорттықсауықтыру кешеніне күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлу мәселесі республикалық бюджетті келесі үш жылдық кезеңге қалыптастыру шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен қарастырылатын болады. 


Премьер-Министр — Асқар Мамин

2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін мақсатты өтемақыларды көздейтін норма қолданыста болды.

2018 жылдан бастап әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделі (2013 жылдан бастап іске қосылған арнаулы мемлекеттік органдардың моделіне ұқсас) іске қосылды, онда тұрғын үй жалдағаны (жалға алғаны) үшін нысаналы өтемақының орнын тұрғын үй төлемдері ауыстырды, оның мөлшері әскери қызметші әскери қызметін атқаратын өңірге байланысты.

Бүгінгі күнде әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді (2013 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде 460 млрд. теңгеден астам). Осы мақсатқа шығыстар 2019 жылы (129,9 млрд. теңге) 2013 жылдың деңгейімен (14,7 млрд. теңге) салыстырғанда 9 есеге артты.

Көрсетілген шығыстардың ұлғаюына әсер ететін басты факторлар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері (12,0 мыңнан 99,0 мың адамға дейін) және олардың отбасы мүшелері (31,0 мыңнан 261 мың адамға дейін) санының артуы, сондай-ақ тұрғын үй жалдау бағасының жыл сайынғы өсуі болып табылады, нәтижесінде ол кредиторлық берешектің пайда болуына әкеп соқтырады.

Кредиторлық берешектің пайда болу себептерін анықтау мақсатында Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қорғаныс министрлігіне көрсетілген мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін ақшалай өтемақы мен тұрғын үй төлемдерін төлеу үшін бөлінетін бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мәселесі бойынша тексеруді бастады. 

Сіздің ұсынып отырған түзетулеріңіз осы мәселенің әлеуметтік маңыздылығына және әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің жағдайын нашарлатуы мүмкін екенін ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдардың жан-жақты қарауын және пысықтауын талап етеді.

Бұл жұмысты Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге қатысты тапсырмасы және әзірлеу жоспарланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде жүргізетін болады. 


Премьер-Министр — Асқар Мамин

Тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелерін кешенді шешу, сондай-ақ өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемдерін өсіруді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 5 наурыздағы  Үкімет отырысының № 8 хаттамасымен Тамақ және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) мақұлданды, ол мынадай 6 бағыт бойынша 26 іс-шараны іске асыруды көздейді: 

  • шикізат базасын (сүт, ет, қант қызылшасын, жемістер мен көкөністерді өңдеу, құс шаруашылығы) дамыту;  
  • тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру;  
  • өңдеуші кәсіпорындардың инфрақұрылымын дамыту;  
  • логистикалық инфрақұрылымды дамыту;  
  • ғылыми қамтамасыз ету;  
  • отандық тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету.  

Сонымен қатар, 13 Кодекс пен 29 заңға 1000-нан астам түзетулерді қамтитын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Парламент қарауында жатыр.  

Аталған түзетулер ауыл шаруашылығы саласының проблемаларын жүйелі шешуге бағытталған және басқалармен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді, аграрлық ғылымды дамыту, жаңа технологиялар трансфертін ынталандыру, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормаларды көздейді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 19 маусымдағы № 27 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 57-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер, оның ішінде: 

  • АӨК-ті қосылған құны жоғары өнімді өндіруге және экспортқа қайта бағдарлауға; 
  • отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және олардың өнімдерін өткізу мүмкіндігін кеңейтуге; 
  • өңдеуші өндірістерді жаңғыртуға / салуға трансұлттық компанияларды тартуға бағытталған өзгерістер енгізу көзделіп отыр. 

Сіздердің сауалдарыңызда айтылған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы толық ақпарат қосымшада беріледі. 
 

Қосымша

Өңдеу өнеркәсібінде еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып, салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастырудың тиімді жүйесін ұйымдастыру, ресурс үнемдейтін жаңа технологияларды әзірлеуге және азықтүлік және өңдеу өнеркәсібіндегі ғылыми әлеуетті дамыту үшін бюджеттік қаржыландыру көздерін қажетті көлемде белгілеуге қатысты 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қойылған тапсырмаларды шешу мақсатында аграрлық ғылым мен білімді, сондай-ақ АӨК субъектілерінің білім тарату жүйесін, оларды бизнес пен технология трансфертінің қажеттіліктеріне қайта бағдарлауды реформалау бойынша шаралар қабылдауда.    

Мысалы, ғылыми зерттеулердің сапасын жақсарту үшін Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қайта құрылымдау жүргізілді, нәтижесінде жұмыс істеп тұрған 23 ҒЗИ-дің 13-і қалды, ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциялары мен тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтардың саны 18-ге артты, сондай-ақ 22 білім тарату орталығы құрылды. 

Алғаш рет ағымдағы үш жылдық кезеңге арналған ғылыми зерттеулердің тақырыптары салалық қауымдастықтардың қатысуымен қалыптастырылды, бұл ғылыми ұйымдар жұмысының бағытын бизнестің қажеттілігіне қарай бағыттады.  

АҚШ пен Бразилияның тәжірибесі бойынша аграрлық парктер мен өңірлік орталықтар жүйесі құрылады, олар инновациялардан келетін әсерге қол жеткізуде технологиялар жолсеріктері мен фермерлер үшін көмекшілердің рөлін атқаратын болады. Олардың негізгі бағалау өлшемшарты тиісті аумақтағы өнімділіктің нақты өсімі болады. Екінші жағынан, аталған жүйе отандық ғалымдардың әзірлемелерінің қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, Назарбаев Университетінің үлгісі бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеттерінің әлемнің жетекші аграрлық университеттерінің франшизін тарту, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстар басталды. 

Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге тарту үшін ағымдағы жылы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін субсидиялауға қосымша 27,5 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға – 26,7 млрд. теңге бөлінді.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемін ұлғайту мақсатында ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша бизнес шығындарының бір бөлігін субсидиялау енгізіледі, ол бизнес пен ғылымның өзара іс-қимыл тетігін іске қосуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тамақ және өңдеу өнеркәсібінде инновацияларды енгізу ауқымын едәуір жеделдетеді. Тиісті заң жобасын Парламент Мәжілісі мақұлдады. 
 
Озық тағамдық технологиялар трансфертін дамытуға қатысты 

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі озық азық-түлік технологияларының трансфертін жүзеге асыру үшін трансұлттық компанияларды тарту бойынша шаралар қабылдауда. 

Мәселен, 2018 жылы Түркістан облысында ҚХР-ның «Golden Camel» компаниясы қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаға дейін түйе және бие сүтін өңдейтін зауытты іске қосты.  

Павлодар облысында Lactalis компаниясы (Франция) 840 басқа арналған сүт кешенін пайдалануға енгізді. Алматы облысында «Empire Food» (Иран) қуаттылығы ауысымына 100 бас ІҚМ және 1500 бас ұсақ мал соя алатын ет комбинатын пайдалануға енгізді.  

Сонымен қатар, ет өңдеу секторына «Taison Food» (АҚШ), «Dunbia» (Ұлыбритания), «Grand Farm» (ҚХР), «Baumann» (Германия), «Inalca/Cremonini» (Италия), «Cedar Meats» (Австралия) сияқты трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Бұдан басқа, 2018 жылғы қазанда Солтүстік Қазақстан облысында крахмал, глютен, азықтық өнімдер, биоэтанол өндіруге арналған қуаттылығы жылына 220 тонна бидай өңдейтін «БиоОперейшн» ЖШС бидайды тереңдете өңдейтін инновациялық зауыт іске қосылды. 

Өндіріске технологиялар трансфертін енгізу бойынша нақты жұмыстар Алматы облысының жүгеріні терең өңдеу кәсіпорны "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС-да жүргізілуде. Нәтижесінде кәсіпорын Орта Азияда теңдесі жоқ жаңа өнім түрін – глюкозалы - фруктозалы шәрбат жасап шығарды. 

Тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салалық ұлттық стандарттарды әзірлеуге және отандық өнімді тұтынушы елдердің халықаралық стандарттарымен үйлестіруге қатысты 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тамақ өнімдеріне қойылатын міндетті талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) (бұдан әрі – Одақтың ТР) техникалық регламенттерінде белгіленген: 

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ оны таңбалауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін (2) көлденең техникалық регламенті: 

  • «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; 
  • «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде». 

Өнімнің жеке тобына қойылатын ерекше талаптарды белгілейтін (10) тік техникалық регламенті: 

  • «Астық қауіпсіздігі туралы»; 
  • «Май өнімдеріне арналған техникалық регламент»; 
  • «Жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент»; 
  • «Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы»; 
  • «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»; 
  • «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»»; 
  • «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; 
  • «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы»; 
  • «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; 
  • «Табиғи минералды суды қоса алғанда, буып-түйілген және ауыз судың қауіпсіздігі туралы». 

«Құс етінің қауіпсіздігі туралы» және «Азық және азықтық қоспалардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 2 жобасы әзірленуде. 

2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) сәйкес Одақтың ТР-ын әзірлеу үшін негіз ретінде тиісті халықаралық стандарттар (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған ережелер, директивалар, ұсынымдар және өзге де құжаттар) қолданылады. 

Осылайша, жоғарыда көрсетілген Одақтың ТР-ы халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып әзірленді (Алиментариус кодексі - Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының халықаралық комиссиясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) және Еуропалық Одақтың директивалары қабылдаған тағамдық халықаралық стандарттардың жиынтығы). 

«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стандарттау қағидаттарының бірі халықаралық және өңірлік  стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеу болып табылады, бұл өз кезегінде саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспортты жылжытуға әкеледі. 

Бүгінгі таңда Бірыңғай мемлекеттік нормативтік техникалық қорында аталған саланың 2 577 стандарты бар, олардың 2 112-сі – мемлекетаралық стандарт (МЕМСТ) және 465  ұлттық стандарт (ҚР СТ). 

Салалар бөлінісінде негізгі бағыттар бойынша стандарттармен қамтамасыз етілу мынадай: ет және ет өнімдері (232 МЕМСТ және 60 ҚР СТ), сүт және сүт өнімдері (230 МЕМСТ және 76 ҚР СТ), дәнді-бұршақты, бұршақты дақылдар және олардың өңделген өнімдері (245 МЕМСТ және 76 ҚР СТ), жемістер, көкөністер және олардың өңделген өнімдері (319 МЕМСТ және 44 ҚР СТ), балық және балық өнімдері (164 МЕМСТ және 9 ҚР СТ) және басқалары. 

2019 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарына тамақ өнеркәсібі саласында 193 стандарт әзірлеу енгізілді. 

 


Премьер-Министр - Аскар Мамин

Киіктерді қорғау бойынша жеке заң қабылдауға қатысты

Табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуына жол берген азаматтарға, оның ішінде қызмет бабын пайдаланып, браконьерлік жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты жазалаудың қатаң шараларының қолданылуын көздейтін киіктерді қорғау бойынша жеке заң қабылдауға қатысты.

Қазіргі кезде Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының шеңберінде депутаттар табиғатты қорғау заңнамасы бұзылған жағдайда мүлікті міндетті түрде тәркілеу бөлігінде браконьерлікпен күресуге бағытталған түзетулерге бастамашылық жасады (Үкіметтің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 11-8/270 зп қорытындысымен қолдау тапты).

Сондай-ақ Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде, оның шеңберінде браконьерлікпен күресті күшейту жөнінде шаралар қабылдау болжануда.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 337-бабының төртінші бөлігінде және 361-бабында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет бабын пайдаланып браконьерлік жасаған жағдайда оларға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік көзделген.

Осыған байланысты киіктерді қорғау бойынша жекелеген заң жобасын әзірлеуді орынсыз деп есептейміз.

Киіктерді пайдалануға мораторий енгізуге қатысты

Киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторий енгізуге қатысты.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабына сәйкес жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жол беріледі.

ҚК 339-бабында пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алуға, иемденуге, сақтауға, өткізуге, әкелуге, әкетуге, салып жіберуге, тасымалдауға немесе жоюға, заңсыз олжалауға жазалау көзделген.

Сондай-ақ Заңға сәйкес киіктер таралымын сақтау және өсімін молайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 969 қаулысымен 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға тыйым салынған.

Сонымен қатар АӨК бойынша заң жобасы шеңберінде Үкімет жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған түрлерді экспорттауға қорытынды (рұқсат беру құжаты) және лицензия беру бөлігінде ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен сәйкестендіруге бағытталған түзетулерге қолдау білдірді. Көрсетілген нормалар жабайы жануарлардың заңсыз айналымына, сондай-ақ фаунаның бөтен тектес түрлерін республика аумағына қоныстандыруға тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Осылайша, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін аулауға тыйым салу, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерінің бөліктері мен дериваттарын олжалағаны, сатып алғаны, өткізгені, сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бұрыннан көзделген, яғни қосымша мораторийлер мен басқа да тыйым салу шараларын белгілеудің қажеті жоқ.

Браконьерлік жасаған тұлғалардың тәркілеу бойынша

Браконьерлік жасаған тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қылмыс құралдарын, оның ішінде браконьерлік мақсатта пайдаланылған автокөлік құралдарын тәркілеу мәселесі бойынша.

АӨК бойынша заң жобасы шеңберінде депутаттар қылмыс құралдарын, оның ішінде браконьерлік мақсаттарда пайдаланылатын автокөлік құралдарын міндетті түрде тәркілеу жөніндегі түзетулерге, сондай-ақ браконьерлікпен күресуге бағытталған басқа да бірқатар өзгерістерге бастамашылық жасады (Үкіметтің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 11-8/270 зп қорытындысымен қолдау тапты).

Сонымен бірге ҚК 48-бабына сәйкес браконьерлер қылмыс жасаған жағдайда қылмыс жасау кезінде пайдаланылатын мүлік меншік түріне қарамастан міндетті түрде белгіленген тәртіппен сот шешімі бойынша тәркіленеді.

«Қорғалжын-Теңіз» аумағында киіктерді қорғайтын Ұлттық парк құру бойынша

«Қорғалжын-Теңіз» аумағында киіктерді қорғау бойынша Ұлттық парк, сондай-ақ мамандар даярлау орталықтарын құруға қатысты.

Қазақстанның он әкімшілік аумақтық бірлігінде киіктің 3 таралымы мекендейді. Осылайша, Ақтөбе және Қостанай облыстарында киіктерді, олардың қоныс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау үшін «Ырғыз-Торғай» және «Алтын Дала» табиғи резерваттары құрылды.

Бұдан басқа, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен өсімдіктердің, оның ішінде киіктердің санын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1183 қаулысымен Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағы кеңейтілді. Кеңейту учаскелері киіктердің Бетпақдала таралымы жиналатын жерлерді қамтиды.

Қазіргі кезде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасында киіктерді сақтау және өсімін молайту орталығы құрылған.

Сондай-ақ АШМ Батыс Қазақстан облысында киіктерді қорғау үшін аумақты кеңейту мақсатында Бөкейорда табиғи резерватын құруды жоспарлауда.

Қызылорда облысында Халықаралық Аралды құтқару Қоры жабайы жануарларды (құландар, киіктер, қарақұйрықтар) жартылай ерікті жағдайда бағып күтетін Жабайы жануарларды жерсіндіру және көбейту орталығын құру мәселесін пысықтауда.

Осы көрсетілген орталықтар базасында киіктерді сақтаумен айналысатын мамандар даярлайтын курстар ашу көзделген. Осы баяндалғандардың негізінде киіктерді сақтау бойынша Ұлттық парк және мамандар даярлау орталықтарын құру орынсыз.

Киіктерді қорғау ұйымын құру туралы

Заманауи цифрлық технологиялармен жарақтандырылған киіктерді қорғаудың жаңа ұйымын құрып, оған Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функцияларын беру мәселесі бойынша.

«Охотзоопром» ӨБ» республиканың биологиялық әртүрлілігі мен гендік қорын сақтау мақсатында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды, молықтыруды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылған. «Охотзоопром» ӨБ 44 ұтқыр топтың күшімен 123 млн га алқапта сирек кездесетін жануарлар түрлерін, оның ішінде киіктерді қорғаумен және оларға мориторинг жасаумен айналысады.

Қорғау іс-шараларына инспекторлық құрамның 256 адамы жұмылдырылған, олар 239 бірлік жол талғамайтын көлік құралдарымен, байланыс құралдарымен, қызметтік қарумен, нысандық киіммен және қорғау қызметін жүзеге асыру үшін басқа да материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылған.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан тұяқты жануарлардың түрлері мен киіктерді қорғауды барынша жедел және тиімді қамтамасыз ету мақсатында тікұшақ пен ұшақ пайдаланылады.

Ішкі істер департаменттерімен және АШМ ОШЖДК облыстық аумақтық инспекцияларымен бірлесіп жұмыс істеу қорғау іс-шараларының ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтуіміз керек. 2017 – 2018 жылдар аралығында «Охотзоопром» ӨБ-нің инспекторлық құрамы АШМ ОШЖДК облыстық аумақтық инспекцияларының қызметкерлерімен 222 бірлескен рейд және ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге 312 рейд өткізді.

Өткізілген қорғау іс-шараларының нәтижелері бойынша көрсетілген кезеңде 386 қылмыстық жазаланатын әрекет анықталды. Көрсетілген қылмыстық істер санынан құқық қорғау органдары істері 15 %-ын тоқтатты, 11 %-ы уақытша тоқтатылды, істердің 47 %-ы сотқа жеткізілді, ал қылмыстық істердің 27 %-ы тергелу үстінде.

Қолданылып жатқан шаралар арқылы сирек кездесетін тұяқты жануарлар түрлері мен киіктер санының жылдан жылға көбейіп келе жатқаны байқалады.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды, ол мүдделі мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен (АШМ, ІІМ, БП, ҰҚК, Қаржымині) бірлесіп, «Охотзоопром» ӨБ күшімен тұрақты түрде (сәуір-мамыр) өткізіліп тұратын болады және киіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында басқа да жабайы фауна түрлеріне браконьерлік жасауға, олардың дериваттарын өткізуге және сатып алуға маманданатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде жедел іс-шаралар өткізуді көздейді.

Қазіргі кезде АШМ «Охотзоопром» ӨБ-нің бұдан былайғы қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау үшін оған аудит жүргізуде.

Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша АШМ Сіздерді қосымша хабардар ететін болады.

Киіктерді қорғау жөнінде қоғамдық қор құру туралы

2007 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының қолдауымен Қазақстанда «Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры» құрылды. Қордың міндеті биоәртүрлілікті сақтау саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша, оның ішінде киіктерді қорғау және өсімін молайту бойынша жобаларды қаржыландыру болып табылады.

Қордың қызметі кезінде биоәртүрлілікті орнықты басқару бойынша жобаларға шамамен 3 млн АҚШ доллары, оның ішінде киіктер таралымын сақтауға 250 мыңнан астам АҚШ доллары бөлінді.

Сонымен бірге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану мәселелерімен Франкфурт зоологиялық қоғамы (Германия қаржыландыратын «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Германияның табиғат пен биоәртүрлілікті қорғау одағының (NABU) қолдауымен «Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» сияқты үкіметтік емес ұйымдар айналысады.

Көрсетілген ұйымдар негізінен халықаралық ұйымдардың гранттары есебінен қаржыландырылады және жануарлар дүниесін, оның ішінде киіктерді қорғау және мониторингтеу, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, жергілікті халық арасында табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау бойынша жобаларды іске асырады.

Баяндалғандардың негізінде, киіктерді қорғау бойынша жеке қоғамдық қор құру орынсыз.


Премьер-Министр - Аскар Мамин

Қой шаруашылығын дамытуды қолдауға қатысты

Қой шаруашылығын дамытуды және өнім сапасын жақсартуды қолдауға қатысты.

2018 жылдың қорытындысы бойынша республикада қой басы 2017 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артты және 16 399,3 мың басты құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының иелігіндегі қой басының саны тұрақты өсуде, бұл қойдың жалпы санының 44 %-ын құрайды.

Қой шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында 2017 жылдан бастап қой етін жаңа экспорттық нарықтарға шығару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда қой етін экспорттау үшін Қытай Халық Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн нарықтары ашық. Осылайша, 2018 жылы республикада 150 мың тонна қой еті өндірілді оның ішінде 3,8 мың тонна қой еті экспортталды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қой шаруашылығын дамытудың қолдау шараларын қарастырды. Сонымен, фермерлік шаруашылықтарды қолдау мақсатында 2018 жылдан бастап «Алтын асық» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы қалпына келтірілді, оның шеңберінде қой басын және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыру қаржыландырылады.

Бүгінгі таңда 743 шаруа қожалығы 280,6 мың аналық қой басын сатып алу үшін кредит алды. Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдары ауыл халқына мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын жүргізуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге мерзімі 5 жылға 6 млн. теңгеге дейін кредит қаражатын бөлуде.

Сонымен қатар жаңадан құрылатын шаруа қожалықтарын жайылым алқаптарымен қамтамасыз ету, шалғайдағы жайылымды суландыру жолымен оларды игеру және қой шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық тізбегін құру бойынша шаралар жалғастырылатын болады.

Қой шаруашылығын дамыту бойынша негізгі шаралар ғылыми негізделген тәжірибеге сүйене отырып әзірленуі қажет екенін айта кету керек. Осыған байланысты, 2018 – 2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қой шаруашылығы саласында тиімді технологиялар мен қойлар селекциясын әзірлеу, қой шаруашылығында модельдік фермаларды құру бойынша зерттеулер мен іс-шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қой өсіру шаруашылықтарын ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу жүзеге асырылуда.

Осы мақсаттарға жыл сайын республикалық бюджеттен 853,4 млн. теңге қарастырылған.

Бүгінгі таңда «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС «Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен бірлесіп қойларды қолдан ұрықтандырудың жылжымалы пунктін, шалғайдағы жайылымдар жағдайында пайдалану үшін энергияны үнемдеудің баламалы көздерін қолдана отырып шопанға арналған мобильді үйді әзірлеу және жасау мәселелері бойынша ғылыми-техникалық жұмыстарды атқаруда.

Сондай-ақ «ҚазМШжЖШӨҒЗИ» ЖШС-нің базасында тұрақты негізде қой шаруашылығында селекциялық және асылдандыру жұмысын жетілдіру және қой тұқымдары мен типтерін шығару бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Осылайша қазіргі уақытта мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде қойдың 25 тұқымы бекітілген және тіркелген.

Бұдан басқа, қой шаруашылығына мамандарды даярлау, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және озық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мақсатында «ҚазМШжЖШӨҒЗИ» ЖШС базасында 2018 жылы қой өсіру шаруашылықтарына 7 оқыту семинарлары өткізілді, 2019 жылы 15-тен артық оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.

Қой шаруашылығы саласында кәсіби бірлестіктер мен республикалық үйлестіру кеңесін құруға қатысты

Қой шаруашылығы саласында құрылған Республикалық палаталарды біріктіруге және жеке қой өсіру шаруашылықтарының аудандық, өңірлік кәсіби бірлестіктерін, сондай-ақ қой шаруашылығы бойынша республикалық үйлестіру кеңесін құруға қатысты.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-2-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және құс шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың, жылқылардың және құстардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады. Бұл ретте Заң бірнеше республикалық палаталарды бір палатаға біріктіруге жол береді. Өз кезегінде өнімділігі бойынша қой тұқымдары келесі бағыттарға бөлінеді: биязы жүнді, биязылау, ұяң жүнді, қылшық жүнді және елтірілі. Осыған байланысты қой шаруашылығы бойынша бұрын құрылған республикалық палаталарды бір республикалық палатаға біріктіру мәселесі республикалық палата қатысушыларының кеңейтілген жиналысында қарастырылуы және олардың ортақ шешімі негізінде қабылдануы тиіс.

Жайылымдарды тиімді пайдалану, жеке қой өсіру шаруашылықтарының аудандық және өңірлік бірлестіктерін және қой шаруашылығы бойынша республикалық үйлестіру кеңесін құру, сондай-ақ АШМ өзге де салалық мәселелерін талқылау мәселелері бойынша ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында қой шаруашылығы бойынша республикалық палаталар өкілдерінің, ғалымдардың, қой шаруашылығындағы ғылыми зерттеу институттары өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізу жоспарланған.

Семинар-кеңес шеңберінде аталған мәселелер бойынша пысықталған шешімдердің нәтижелері бойынша АШМ Сіздерді қосымша хабардар етеді.


Премьер-Министр - Аскар Мамин

Шетелде білім алу үшін жастарға арналған жаңа бағдарламаға қатысты

Шетелде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жастарға мемлекеттік қолдаудың жаңа бағдарламасына қатысты.

Қазіргі уақытта «Болашақ» халықаралық стипендиясымен қатар шетелде білікті кадрлар даярлау шетел үкіметтерімен немесе ведомстволарымен жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде жүргізілуде.

Осылайша, көрсетілген халықаралық шарттар шеңберінде жыл сайын Венгрия (250 орын), Қытай Халық Республикасы (125 орын), Тәжікстан Республикасы (50 орын), Украина (20 орын), Польша Республикасы (11 орын), Мысыр Араб Республикасы (7 орын), Беларусь Республикасы (6 орын), Латвия Республикасы (6 орын), Біріккен Араб Әмірліктері (5 орын), Моңғолия (5 орын), Қырғыз Республикасы (5 орын), Әзербайжан Республикасы (5 орын), Словак Республикасы (4 орын), Вьетнам Социалистік Республикасы (3 орын) сияқты елдермен білім алушылармен баламалы алмасу жүзеге асырылады.

Сондай-ақ 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасы Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы «Абай-Верн» бағдарламасын іске асыру туралы келісім шеңберінде (2018 жылғы 19 сәуірде қол қойылды) жыл сайын Францияның жоғары оқу орындарына 90 магистрант және 10 докторант оқуға жіберіледі. Бұл ретте, қазақстандық тарап 3 жыл бойы толығымен тұру шығыстарын магистранттар үшін айына 800 еуро және докторанттар үшін 1 200 еуро құрайтын стипендияны қаржыландырады. «Абай-Верн» бағдарламасының мысалында тегін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар басқа елдермен халықаралық келісімдер жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шетелде оқуға ниет білдірген ауыл жастары үшін, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша түспеген адамдар үшін жатақханалардан орын және Стипендиялар ұсына отырып, тегін оқытуды ұсыну шаралары аталған халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде көзделген.

Баяндалғанды ескере отырып, жастарға олардың шетелде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы үшін көмек көрсету жөніндегі жаңа бағдарламаны қабылдауды орынсыз деп санаймыз.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ына шетелде білім алатын жастарға жәрдемдесуді жүктеуге қатысты

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ына қазақстандықтарға нақты ақпарат беруді жүктеуге, келіп түсетін азаматтарға визалық, әдістемелік көмек көрсетуге, әкімшілік кедергілерді шешуге, олармен тұрақты байланыс жасауға, елге оралғаннан кейін жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бойынша функцияларды жүктеуге қатысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасының әкімшісі ғана емес, шетелдік әріптестермен жасалған халықаралық шарттардың әкімшісі болып табылады.

Осыған байланысты, аталған шарттар шеңберінде Орталықтың жарғылық қызметіне визалық қолдау, міндетті медициналық тексеру, жазатайым жағдайлардан және кенеттен аурулардың туындауынан медициналық сақтандыру, халықаралық шарттар шеңберінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды енгізу бойынша жұмыс басталды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына талаптарды күшейтуге қатысты

«Болашақ» халықаралық стипендиясына талаптарды күшейту және шетелдік іргелі оқу орындарының тізімін үздік-30 дейін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізуге қатысты.

Қазіргі уақытта 2018–2025 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспарын іске асыру шеңберінде (Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 17-32-10.1 хаттамасымен бекітілді) «Болашақ» бағдарламасын кезең-кезеңмен жаңғырту бойынша мынадай шаралар қолданылуда:
 

  • магистратураға үміткерлер үшін ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар, іріктеу критерийлерін арттыру;
  • барлық қолданыстағы квоталық санаттарды жою.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының санын қысқартуға қатысты осындай шаралар әр түрлі бағыттар бойынша оқу үшін елдер мен мамандықтарды таңдауда үміткерлерді шектеуге алып келуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының санын үздік-70-тен үздік -30-ға дейін қысқартуды орынсыз деп санаймыз. Жалпы, шетелде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жастарды қолдау жөніндегі жұмыс жалғасуда.


Премьер-Министр — Асқар Мамин

 

Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуге және оған дайындалуға қатысты Сіздің депутаттық сауалыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймын. 

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі. 

Онда археологиялық, реставрациялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, «Алтын Орда» экспедициясын өткізуді қарастыратын бірқатар іс-шаралар жоспарланған. 

Мемлекеттік деңгейде республиканың барлық өңірлерін қамтитын ауқымды іс-шаралар өткізілетін болады. 

Сіздің ұсыныстарыңыз аталған жоспар жобасында өз көрінісін тауып, бүгіннен бастап олар бойынша жұмыс басталды. 

Бірінші. Жақын арада өтетін Нұр-Сұлтан қалалық ономастикалық комиссиясының отырысында елорда көшелерінің біріне Жошы ханның атын беру және ескерткіш орнату мәселелері қарастырылады. 

Екінші. Қарағанды облысының әкімдігі 2020 жылы Қарағанды қаласында Жошы ханға ескерткіш орнатуды ұсынып отыр. 

Сонымен қатар, осы әкімдік келесі жылы Ұлытау ауданында Жошы ханға ескерткіш орнату мәселесін қарастыратын болады. 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанның өңірлік деңгейдегі туристік картасының (ТОП-50) объектілерінің тізімі көзделген. Аталған тізімде «Ұлытау» тарихи-мәдени кешені белгіленген, онда жылына шамамен 10 000 адамды қабылдай алатын көрнекі орындар, туристік бағыттар мен музей бойынша экскурсиялар туралы ақпаратты қамтитын туристік қызметтер ұсынылатын болады. Кешенге Алтын Орда кезеңіне жататын Жошы хан, Алаша хан және Домбауыл кесенелері кіреді. 

Үшінші. Мәдениет және спорт министрлігі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу және Жошы хан мен Алаша хан кесенесінің аумағын абаттандыру мәселесін пысықтауда. 

Жошы хан кесенесіне жақын орналасқан Жошы ордасы қалашығына зерттеу жүргізіліп, Ұлытау өңірінің археологиялық картасы дайындалады, сонымен қатар ҚХР, Иран және Түркия архивтерінен алынған деректер негізінде Сарайшық қалашығына байланысты құжаттар жинағы шығарылады. 

Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп 2020-2022 жылдары қосымша бірқатар археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. 

Төртінші. Ұлытау өңірінің туристік әлеуетін дамыту үшін алдағы жылы «Алтын Орда» экспедициясын өткізу, Ұлытау өңірінде республикалық маңызы бар Алаша хан, Жошы хан, тарихи және мәдени ескерткіштерінің аумағында визит-орталығы мен этноауыл құру жоспарлануда. Туристік маршруттар мен соқпақтар әзірленіп, кемпингтік тұрақтар, туристерге баратын жерлерде санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылады. 

Баспасөз турлары аясында Жошы ханның кесенесін шетел журналистері баратын объектілер қатарына енгізу бойынша күш жұмсалмақ. Барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша шетелдік БАҚ-та, «The Astana Times» газетінде ағылшын тілінде, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің интернет-ресурстарында және мемлекеттік органдардың ресми порталдарында жарияланымдар шығады. 

Қарағанды облысының әкімдігі Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Арқалық қалалары мен Ұлытау ауданы орталығы арасындағы жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Алматы-Жезқазған, Шымкент-Жезқазған бағыттары бойынша авиарейстерді іске қосу мәселесі пысықталуда. 

Бесінші. Білім және ғылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында 2019 жылдың 11 қазан айында «Жошы Ұлысы тарихының мәселелері» атты тарихшылардың VII Ұлттық конгресін өткізеді. Аталған халықаралық конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысады, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында бірқатар мақалалар шығарылады. 

Ағымдағы жылы өңірлік деңгейде Тараз, Атырау және Қарағанды қалаларында ғылыми конференциялар өткізу жоспарлануда, олар 2020 жылы Ақмола облысының Бурабай ауылында және Өскемен және Павлодар қалаларында жалғасады. 

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Ұлытау өңірінің тарихы мен мәдениеті кесенелерін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енгізу мәселесін пысықтауда. 

Баяндалғанның негізінде Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. 

 


Жаңалықтар тізбегі
22 Қазан 2019, 19:41
Жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, МЖӘ және шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тіркеу: Үкімет отырысында және кулуарында не талқыланды
22 Қазан 2019, 19:22
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2019, 17:04
Жолаушылар тасымалы екі есе ұлғайды — Б. Камалиев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында азаматтық авиацияның дамуы туралы айтып берді
22 Қазан 2019, 16:52
ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес киберқауіпсіздік мәселелерін қарады
22 Қазан 2019, 16:10
Автобус парктерінің тозуы 23%-ға төмендетілді — ҚР ИИДМ
22 Қазан 2019, 15:14
5 жыл ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
22 Қазан 2019, 15:07
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты
22 Қазан 2019, 15:02
Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті
22 Қазан 2019, 12:13
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 550 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді
22 Қазан 2019, 11:43
Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша инвесторлармен жұмыс жасау үшін «бір терезе» қағидаты енгізілді
22 Қазан 2019, 11:26
«Щучинск – Петропавл», «Омбы – Павлодар»: 2020 жылы қандай жолдар ақылы болады
22 Қазан 2019, 11:21
Жол жабынын салу және жөндеу жобалары аясында 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды — ҚР ИИДМ
22 Қазан 2019, 11:12
Автомобиль жолдары комитетінде сапасыз құрылыс үшін мердігер ұйымдардың жауапкершілігі туралы айтылды
22 Қазан 2019, 11:03
Жыл соңына дейін қанша жол жөнделеді, қай жолдар ақылы болады және олардың сапасын кім тексереді — С. Бармақовпен сұхбат
22 Қазан 2019, 10:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин МЖӘ дамытуды жандандыруды тапсырды
22 Қазан 2019, 09:54
Үкімет «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес жылының қорытындысын шығарып, 2020-2025 жылдарға мақсат қойды
21 Қазан 2019, 18:43
Асқар Мамин инвестициялар тарту үшін өңірлерге АХҚО-мен ынтымақтастық орнатуды тапсырды
21 Қазан 2019, 18:39
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды
21 Қазан 2019, 16:55
Роман Скляр жұмыс сапарымен Татарстан Республикасына барды
21 Қазан 2019, 11:21
22 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Қазан 2019, 10:48
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №34
18 Қазан 2019, 17:02
Үкімет басшысы Елбасыға «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы туралы баяндап берді
18 Қазан 2019, 15:43
Елбасының төрағалығымен Үкіметтің, «Nur Оtаn» партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңес өтті
18 Қазан 2019, 11:58
Үкіметте зейнетақы жинақтарын тұрғын үй мен білім алу үшін пайдалану мәселелері талқыланды
18 Қазан 2019, 11:19
Үкімет әзірленіп жатқан заң жобаларын жетілдіру бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізеді — сарапшы
18 Қазан 2019, 09:57
«Қаражат бар, нәтиже жоқ» — Б. Сапарбаев «Еңбек» бағдарламасының орындалуын сынға алды
17 Қазан 2019, 12:28
Б. Сапарбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен білім мен денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелерін талқылады
16 Қазан 2019, 18:59
Қазақстанда Онкологиялық аурулармен күресудің 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылып жатыр — Б. Сапарбаев
16 Қазан 2019, 17:25
Жасанды зерде және цифрлық фабрикалар: Индустрия 4.0 элементтері қазақстандық кәсіпорындарда қалай енгізіліп жатыр
16 Қазан 2019, 10:48
Нұр-Сұлтанда Қазақстан ‒ Ресей Үкіметаралық комиссияның XXI отырысы өтті
15 Қазан 2019, 21:25
Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
15 Қазан 2019, 20:50
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті
15 Қазан 2019, 20:30
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің 7-ші отырысына қатысты
15 Қазан 2019, 16:14
«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту: Қазақстанда жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы іске асырылуда
14 Қазан 2019, 23:41
Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
14 Қазан 2019, 23:37
Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті
14 Қазан 2019, 19:22
Биылғы 9 айдағы ӘЭД аралық көрсеткіштері, нан бағасы, валюта нарығындағы жағдай немесе Үкімет отырысы қалай өтті
14 Қазан 2019, 18:50
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Сингапурдың Аға Министрі Тео Чи Хинмен кездесті
14 Қазан 2019, 17:28
Б. Сапарбаев БҚО педагогтарына кәсіптік білім беру сапасына ерекше көңіл бөлуге кеңес берді
14 Қазан 2019, 15:05
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық көлемі Қазақстан нарығындағы әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті
14 Қазан 2019, 14:37
Ұлттық банк экономиканың басым салаларын Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске асыруда банктердің белсенділігін атады
14 Қазан 2019, 13:14
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу бойынша Жол картасын әзірледі
14 Қазан 2019, 12:14
9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 15%-ға, республикалық – 19%-ға өсті
14 Қазан 2019, 10:43
Қазақстанда дәнді-дақылдар алқабының 99,2% жиналды
14 Қазан 2019, 09:51
2019 жылы Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды
14 Қазан 2019, 09:49
Биылғы 9 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,3% құрады
12 Қазан 2019, 17:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №33
12 Қазан 2019, 11:31
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
11 Қазан 2019, 15:46
14 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2019, 12:57
Премьер-Министр А. Мамин мен Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсух Қазақстан-Моңғолия бизнес форумының ашылуына қатысты
11 Қазан 2019, 12:29
Қоғам өкілдері жұмыс істейтін жастарға жалдамалы тұрғын үйдің берілуін бақылайтын болады
11 Қазан 2019, 12:25
Үміткерлер жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйді алуы үшін қандай құжаттарды тапсыруы керек
11 Қазан 2019, 11:51
Жастарға тұрғын үй беру ережелері туралы сұхбат: қайда жүгіну керек және кімдерге артықшылықтар беріледі
10 Қазан 2019, 20:52
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Хабар» телеарнасына сұхбат берді
10 Қазан 2019, 20:50
Елбасы Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагиин Хурэлсухпен кездесті
10 Қазан 2019, 20:32
А. Маминнің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
10 Қазан 2019, 13:56
Премьер-Министр А. Мамин Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсухпен келіссөздер өткізді
10 Қазан 2019, 13:12
Премьер-Министр Асқар Мамин Қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиттің ашылуына қатысты
10 Қазан 2019, 09:51
Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті
10 Қазан 2019, 09:47
Р. Скляр Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның XV отырысына қатысты
10 Қазан 2019, 09:29
Бердібек Сапарбаев елорданың бірқатар спорт және медициналық нысандарын тексерді
09 Қазан 2019, 18:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысын тексерді
09 Қазан 2019, 17:06
Өнеркәсіптік өндіріс өсімі, АӨК дамуы, инвестициялар тарту тетіктері — 2019 жылғы 8 айда Шығыс Қазақстан облысы қалай дамыды
09 Қазан 2019, 16:13
Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
09 Қазан 2019, 09:50
Роман Скляр Қазақстан-Франция инвестициялық форумына қатысты
08 Қазан 2019, 19:04
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады
08 Қазан 2019, 18:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Семейге жұмыс сапары: 2025 жылға дейінгі қаланы дамыту жоспары және Абайдың 175 жылдығына дайындық
08 Қазан 2019, 18:24
Елбасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
08 Қазан 2019, 13:59
Жыл сайын Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны 10%-ға артуда — Kazakh Tourism
08 Қазан 2019, 13:51
2022 жылға қарай туризм саласында 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады — Kazakh Tourism
08 Қазан 2019, 11:51
Қазақстанда туризм саласын дамыту туралы сұхбат: шетелдіктерді не қызықтырады және қай өңір экотуризм бойынша көш басында
08 Қазан 2019, 08:54
Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты
07 Қазан 2019, 19:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.10.2019
07 Қазан 2019, 18:42
АӘК төлеу тетіктерін жетілдіру, азаматтық авиацияны дамыту және әуе билеттерінің бағасын төмендету шаралары — кезекті Үкімет отырысы қалай өтті
07 Қазан 2019, 13:15
Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағымы 45 есе көбейді — ҚР ИИДМ
07 Қазан 2019, 13:01
АӘК төлемінің түзетілген тетігі аз қамтамасыз етілген адамдарға көмек көрсетудің атаулы сипатын, ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуі керек — ҚР ЕХӘҚМ
07 Қазан 2019, 12:09
Асқар Жәкенов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
07 Қазан 2019, 11:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №32
07 Қазан 2019, 10:08
Үкіметте азаматтық авиацияны дамыту және әуе билеттерінің бағасын төмендету мәселелері қаралды
07 Қазан 2019, 10:05
Үкіметте атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды
05 Қазан 2019, 13:49
Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті
05 Қазан 2019, 10:18
Роман Скляр Француз Республикасы мен Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерімен кездесті
04 Қазан 2019, 17:20
Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысындағы мобильді ХҚКО-лар және МӘМС жұмысымен танысты
04 Қазан 2019, 11:10
7 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2019, 10:46
Жұмыспен қамту орталықтарындағы жаңашылдықтар: «Еңбек» бағдарламасы ұсынатын жаңа мүмкіндіктер
03 Қазан 2019, 19:06
Әлихан Смайылов «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады
03 Қазан 2019, 18:30
98%-дан астам мұқтаж азамат борыш жүктемесін азайту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған
03 Қазан 2019, 17:33
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр республикалық экологиялық сағатқа қатысты
03 Қазан 2019, 11:19
Вице-премьер Б. Сапарбаев әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін спорт министрлігін сынға алды
02 Қазан 2019, 18:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент пен Түркістан қалаларында болды
02 Қазан 2019, 16:57
Қазақстанда жыл басынан бері бензин мен дизель отынының бағасы төмендеді — М. Досмұхамбетов
02 Қазан 2019, 16:56
Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ жобаларында жұмыскерлердің 90%-ын қазақстандық мамандар құрайды - ҚР Энергетика министрлігі
02 Қазан 2019, 16:31
Инвестициялық жобаларды іске асыру мұнай өндірудің жылдық көлемін 2025 жылға қарай 105 млн тоннаға дейін ұлғайтады — М. Досмұхамбетов
02 Қазан 2019, 16:06
Мұнай өндірудің қазіргі қарқыны жылдық жоспарды 89 млн тоннаға асыра орындауға мүмкіндік береді — ҚР ЭМ
02 Қазан 2019, 11:48
Малайзиядағы көрмеде Алтын адам таныстырылды
01 Қазан 2019, 21:36
ҚР Үкіметінің отырысы, 01.10.2019
01 Қазан 2019, 18:59
2019 жыл бюджетін нақтылау, Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G енгізу — ҚР Үкіметінің кезекті отырысы қалай өтті
01 Қазан 2019, 17:49
Әуе билеттерінің бағасы реттелмейді, әуе компаниялары динамикалық баға белгілеуді қолданады — А. Әлжанов
01 Қазан 2019, 17:46
2019 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ҚР әуежайларында 11 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетілді
01 Қазан 2019, 17:43
2019 жылы қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары 7 халықаралық рейс ашты
01 Қазан 2019, 17:34
Жаңа бағыттарды ашу, баға белгілеу және мамандарды даярлау — Қазақстанда азаматтық авиация қалай дамып жатыр
01 Қазан 2019, 13:44
5G желісіне ауысу Интернет тарифтері құнының өсуіне әкелмейді — А. Жұмағалиев
01 Қазан 2019, 13:35
Қазақтелекомда электронды SIM-картаға көшу перспективалары туралы айтылды
01 Қазан 2019, 13:15
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі диалогының екінші отырысын өткізді
01 Қазан 2019, 13:00
5G енгізу кезінде адамдардың денсаулығына оның әсері ескерілетін болады — А. Жұмағалиев
01 Қазан 2019, 12:22
Мұнай-газ саласын дамыту және жергілікті қамту үлесін ұлғайту туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Қазан 2019, 11:08
ҚР Үкіметінде оқушылардың сабақтан тыс уақытта іспен шұғылдануын және бос уақытын өткізуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
01 Қазан 2019, 10:53
2020 жылдың соңына дейін 880 ауылда кең жолақты интернет желісі қолжетімді болады
01 Қазан 2019, 10:51
2019 жылы республикалық бюджет кірістері 7 трлн 81 млрд теңгені құрайтын болады - ҚР ҰЭМ
01 Қазан 2019, 10:05
А. Мамин 5G тиімді пайдалану жобаларын әзірлеп, ауылдардың жоғары жылдамдықты интернетке қосылуын тездетуді тапсырды
01 Қазан 2019, 09:49
Үкіметте 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды
30 Қыркүйек 2019, 19:22
Үкіметте жер қатынастарын цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері қаралды
30 Қыркүйек 2019, 19:04
Салық жүктемесін азайту және ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру: Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» қалай іске асырылуда
30 Қыркүйек 2019, 18:16
2019 жылдың соңына дейін студенттер жатақханаларында қосымша 4 мыңнан аса орынды пайдалануға беру жоспарланған — ҚР БҒМ
30 Қыркүйек 2019, 17:00
Ішкі нарықтардың жұмыс істеу мәселелері, кедендік және техникалық реттеу, ЕАЭО цифрлық күн тәртібі ЕЭК Кеңесінде талқыланды
30 Қыркүйек 2019, 16:33
Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО көлік инфрақұрылымын цифрландыруды ұсынды
30 Қыркүйек 2019, 15:11
Жұмыс орындарын құру, мамандарды оқыту және инфрақұрылымды жақсарту — ҚР-да жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижелері
30 Қыркүйек 2019, 15:02
2020 жылы Қазақстанда мұнай компанияларының жаңартылатын энергия бойынша алғашқы жобалары пайда болады
30 Қыркүйек 2019, 14:54
Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі, кадрлар даярлау және инвесторлар тарту — ЖЭК дамуы туралы А. Соспанова
30 Қыркүйек 2019, 12:28
1 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қыркүйек 2019, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №31
27 Қыркүйек 2019, 19:57
Электронды денсаулық паспортын eGov және mGov платформаларынан көруге болады — Е. Біртанов
27 Қыркүйек 2019, 19:34
Жеке инвестициялар есебінен 15 ірі көпбейінді облыстық аурухана салынады — Е. Біртанов
27 Қыркүйек 2019, 19:27
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлердің керексіз анализдерді тағайындағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін арттыруды жоспарлап отыр
27 Қыркүйек 2019, 18:54
УДЗ және МРТ: медициналық сақтандыруды енгізумен азаматтар қандай қызметтерді тегін ала алады
27 Қыркүйек 2019, 17:41
Әлихан Смайылов ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді
27 Қыркүйек 2019, 11:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады
27 Қыркүйек 2019, 11:04
Kazakhstan Energy Week-2019: әлем сарапшылары энергетикалық болашақтың сын-тегеуріндерін талқылады
26 Қыркүйек 2019, 17:57
Ерлан Әукенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
26 Қыркүйек 2019, 17:19
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
26 Қыркүйек 2019, 15:18
Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы баспасөз конференциясы өтеді
26 Қыркүйек 2019, 11:56
Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының ашылуына қатысты
26 Қыркүйек 2019, 11:47
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты және «Байқоңыр» АЭА дамыту: 2019 жылғы қаңтар–тамыз аралығында Қызылорда облысы қалай дамыды
26 Қыркүйек 2019, 09:43
ҚР Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» жобасын талқылады
25 Қыркүйек 2019, 18:39
ҚР АШМ-де Өсімдіктер карантині саласындағы меморандумға және ҚР-дан ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар бойынша хаттамаға қол қойылды
25 Қыркүйек 2019, 17:34
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
24 Қыркүйек 2019, 18:01
Бішкекте ЕАЭО-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы талқыланды
24 Қыркүйек 2019, 16:38
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдерінің парламентшілерімен бірқатар кездесулер өткізді
24 Қыркүйек 2019, 16:31
Елбасы «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің ашылуына қатысты
24 Қыркүйек 2019, 16:16
ОААЭЫ отырысында қазақстандық делегацияны ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды
24 Қыркүйек 2019, 09:34
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы болып тағайындалды
23 Қыркүйек 2019, 21:12
Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 21:03
Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді
23 Қыркүйек 2019, 20:56
Қазақстанның Тұңғыш Президенті ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 19:57
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуропа және Азия парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің қатысушыларымен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 19:48
Жылыту маусымына дайындық, ШОБ қолдау, мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық қамтуды арттыру: Үкіметтің кезекті отырысында қандай тапсырмалар берілді
23 Қыркүйек 2019, 18:45
ҚР вице-премьері Роман Скляр Иордания өкілдері палатасының төрағасы Атеф Ат-Тараунамен кездесті
23 Қыркүйек 2019, 17:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.09.2019
23 Қыркүйек 2019, 15:11
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №30
23 Қыркүйек 2019, 14:42
Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру жергілікті қамтуды тиімді реттеуге жол ашады — Қаржы министрлігі
23 Қыркүйек 2019, 14:09
«Еңбек» бағдарламасы аясында шағын несие алушылар 8 мыңнан аса жұмыс орнын құрды — ҚР ЕХӘҚМ
23 Қыркүйек 2019, 14:09
Үкіметте «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру барысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту мәселесі қаралды
23 Қыркүйек 2019, 14:00
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жылыту маусымына дайындықты уақытылы аяқтауға бақылау орнатуды тапсырды
23 Қыркүйек 2019, 12:43
Энергия кәсіпорындарын жылыту маусымына дайындау жөндеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда — ҚР Энергетика министрлігі
23 Қыркүйек 2019, 12:23
Өңірлерде 10 мыңнан аса дербес қазандық жылыту маусымының басталуына дайын — ҚР ИИДМ
22 Қыркүйек 2019, 17:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қытай парламентінің басшысы Ли Чжаньшуге АХҚО-ны таныстыру шарасына қатысты
20 Қыркүйек 2019, 20:28
Инвестициялар, АӨК және туризм — 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы дамуының негізгі көрсеткіштері
20 Қыркүйек 2019, 18:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
20 Қыркүйек 2019, 17:03
23 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2019, 14:48
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысында май шығару зауытының ашылуына қатысты
20 Қыркүйек 2019, 14:21
ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев Семей жұртшылығымен кездесті
20 Қыркүйек 2019, 14:06
Еңбек табысының болуы «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасының міндетті шарты — ҚР Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі
20 Қыркүйек 2019, 13:54
Биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беріледі — Қ. Өскенбаев
20 Қыркүйек 2019, 13:05
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы 18 мың отбасы жаңа пәтер кілттерін алды
20 Қыркүйек 2019, 12:59
2019 жылдың 8 айында Қазақстанда 65 мың пәтер салынды — ҚР ИИДМ
19 Қыркүйек 2019, 19:17
Асқар Мамин Қарағанды облысының жаңа әкімін таныстырды
19 Қыркүйек 2019, 16:59
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды
19 Қыркүйек 2019, 16:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
19 Қыркүйек 2019, 16:14
Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы баспасөз конференциясы өтеді
19 Қыркүйек 2019, 15:23
Әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуде ешқандай проблема болмайды — ҚР Энергетика министрлігі жылу беру кезеңіне дайындық туралы
Құжаттар
Депутаттық сауал
© 2019 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі