19 Желтоқсан 2019, 19:00
19 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Отырыста Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды.
— ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы, Көкшетау қаласындағы АТ мектеп-лицейінің директоры А. Балташева педагогикалық қауымдастықтың позициясы туралы баяндады.
— Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне жыл басынан бағдарламаның іске қосылуын және көздеген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
— ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрағасы Ю. Пя медициналық қауымдастықтың позициясы туралы баяндады.
— Үкімет басшысы жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында халықты салауатты өмір салтына бейімдеу үшін қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жаңғыртылатынын атап өтті. Жалпы салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларды кеңейту жоспарланған.
— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
— Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту кезеңдері туралы айтып берді.
— Министр ҚР білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа басымдықтары туралы айтып берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу