ҚР Үкіметінің отырысы, 19.12.2019

19 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды.

— ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы, Көкшетау қаласындағы АТ мектеп-лицейінің директоры А. Балташева педагогикалық қауымдастықтың позициясы туралы баяндады.

— Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне жыл басынан бағдарламаның іске қосылуын және көздеген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

— ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрағасы Ю. Пя медициналық қауымдастықтың позициясы туралы баяндады

— Үкімет басшысы жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында халықты салауатты өмір салтына бейімдеу үшін қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жаңғыртылатынын атап өтті. Жалпы салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларды кеңейту жоспарланған.  

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту кезеңдері туралы айтып берді.

— Министр ҚР білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа басымдықтары туралы айтып берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу