ҚР Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевты қабылдады

Кездесу барысында Алик Шпекбаев Мемлекет басшысына бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бүгінде екі министрлік пен екі әкімдік базасында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде осы мемлекеттік органдардағы қызметшілердің жалақысы екі еседен астам өсті. Бұл құзыреттілігі жоғары мамандарды жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді. Осы тәжірибені мемлекеттік қызметтің барлық жүйесіне тарту қажет», — деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейтуге, көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіруді жалғастыруға, мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысын және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыруға қатысты қабылданған шаралар жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Читать на primeminister.kz

Рекомендуемые новости