Қазақстанда АДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банкпен бірге энергия үнемдеуді дамыту бойынша жобалар іске асырылуда

Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков айтып берді.

Олжас Әлібеков айтып өткендей, энергия сервистік келісімшарттардың халықаралық мойындалған тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту бойынша міндетті Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 59 қадамында алға қойған болатын.  

Алға қойылған мақсатқа жету тетіктерінің бірі Энергия тиімділігі картасын жасау болып табылады. Энергия тиімділігі картасы - бұл қаржыландыру көздері, оларды іске асыру бойынша іс-шаралар кестелері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізімі.

Бүгінгі таңда келесідей компаниялармен 50-ден астам меморандум жасалды:

«Фениче Рус», EDF Group (Electricité de France) ірі еуропалық электр энергиясын жеткізуші тобына кіретін Ресейдің көшбасшы энергия сервистік компанияларының бірі;

CH Lighting Technology Co, Қытайдың ірі жарық құралдарын өндіруші;

Energy Engineers GmbH (TÜV Nord Group), ТМК саласындағы Шығыс Германияның ірі энергия сервистік компаниясы;

Kawasaki Heavy Industries Ltd / Marubeni, ТНК Жапония, 2018–2019 жж. пилоттық жобаларды іске асырумен жылу энергетикалық нысандарда когенерация функциясы бар газтурбиналық құрылғыларды енгізу бойынша Қазақстан нарығына стратегиялық инвестор ретінде тартылған.

Германияның тәжірибесін үйрену үшін DENA неміс энергетикалық агенттігі атынан стратегиялық серіктес анықталды. 2017 жылдан бастап өнеркәсіптік және муниципалдық секторларда энергияны үнемдеу туралы ақпараттық хабардарлықты арттыру бойынша DENA-мен бірқатар бірлескен жобалар жоспарланған.

Сондай-ақ, Олжас Әлібеков энергия үнемдеуді дамыту бойынша бірқатар бірлескен жобалар АДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банкпен және басқа да халықаралық ұйымдармен іске асырылып жатқанын атап өтті. Энергия тиімділігін арттыру бойынша ұзақмерзімді жоба аясында Дүниежүзілік Банкпен «Бастама – энергия тиімді Қазақстан» брендімен пилоттық ақпараттық науқанды іске қосу жоспарланған.  

«Дүниежүзілік банкпен жобаны жүзеге асырамыз - 21,7 млн долларға грант, оның аясында әлеуметтік нысандар: мектептер, ауруханалар, сондай-ақ көшелерді жарықтандыруды жаңғырту жоспарланған. Бұдан өзге, АДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банкпен және басқа да халықаралық ұйымдармен энергия тиімділігін дамыту бойынша бірқатар бірлескен жобалар іске асырылуда», - деп түйіндеді Олжас Әлібеков.

Бұдан өзге, энергия сервистік компаниялар тізімі жасалды.

«Бүгінгі таңда аталған тізімде 5 мыңға жуық субъект бар, олардың жартысы энергия аудитін жүргізуге және бесжылдық жоспарларды іске асыруға міндетті. Біз бұл жоспарларды бақылаймыз, олардың өнім бірлігіне энергетикалық ресурстарды тұтынуды төмендету бойынша мақсатты индикаторлар бар», - деді Олжас Әлібеков. 

1/2
2/2
Читать на primeminister.kz

Рекомендуемые новости