13 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 13 ақпанда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

Үкіметтің 2018 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы; 2018 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары; Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар