18 Желтоқсан 2024, 14:55
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) еркін маршруттаудың әуе кеңістігі (Free Route Airspace) (бұдан әрі – FRA) – бақыланатын әуе кеңістігінің белгілі бір көлемі, оның шегінде пайдаланушылар әуе кеңістігінің қолжетімділігін ескере отырып, белгілі бір кіру нүктесі мен белгілі бір шығу нүктесі арасындағы маршрутты ӘҚҚ бекітілген маршруттық желісіне байланыстырмай, аралық жол нүктелері арқылы маршрут салу мүмкіндігімен еркін жоспарлай алады;»;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) ұсынылған ұшу жоспары (FPL) – ӘҚҚ органдарының пайдалануы үшін пилот, пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған ұшудың соңғы жоспары;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) FRA.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ұшу ақпараты аудандары (аймақтары) мен диспетчерлік аудандардың тізбесін және олардың шекараларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызмет көрсетуші айқындайды және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
Тораптық диспетчерлік аудандардың және диспетчерлік аймақтардың шекараларын, TMZ және RMZ аэронавигациялық қызмет көрсетуші әзірлейді және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
Бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық қозғалыс аймағының шекараларын әуеайлақты пайдаланушы әзірлейді, ол жауапкершілік ауданында әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органымен келісіледі және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
Әуе қозғалысын басқару аудандарының (аймақтарының) шекаралары ұшу ақпараты аудандарының (аймақтарының) және диспетчерлік аудандардың шекараларына сәйкес келеді.
FRA, оның негізгі нүктелерін, шекаралары мен жұмыс уақытын аэронавигациялық қызмет көрсетуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісу бойынша айқындайды және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
Еркін маршруттаудың әуе кеңістігінің мақсаттары үшін негізгі нүктелер мыналарға бөлінеді:
1) кіру және шығу;
2) аралық;
3) келу маршрутына қосылу нүктесі;
4) ұшып шығу маршрутына қосылу нүктесі.»;
98-тармақтың 2) тармақшасындағы «жағдайда жүзеге асырады.» деген сөздер «жағдайда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) әуе кемелері FRA-да ұшқан кезде жүзеге асырады.»;
100-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) апатқа ұшырау немесе ұшыраған жағдайдағы әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздеу және құтқару мақсаттарынан басқа аэронавигациялық қызмет көрсетушімен жасалған шарттарға сәйкес ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі кезекшілікке жұмылдырылған (мәлімделген) әуе кемелері үшін – жауапкершілік ауданын іргелес іздестіру және құтқару аудандарының кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің бүркемелеуі шартымен ұшу жоспарында осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04 шартты белгілері, «ОК» және «ПК» литерлері бар мақсаттарға сәйкес келетін ұшу мақсаттары мен литерлерінің атауы көрсетілген кезде ұшуларды орындау үшін пайдалануға жол беріледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушының берілген сертификаттарының, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктердің, ұшуды орындауға құқық беретін куәліктердің және ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшірмелерін дереу ӘҚЖ БО-ға ұсынады.»;
180 және 181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«180. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тергеп-тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен құрылған комиссия жүргізеді.
ПАЖ қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібі бұзылып, оған авиацияның әрқилы түрінің әуе кемелері қатысқан болса, оны тергеп-тексеруді азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен құрылған комиссия жүргізеді.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тергеп-тексеру:
азаматтық авиацияға жататын ПАЖ пайдаланған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді;
мемлекеттік авиацияға жататын ПАЖ пайдаланылған жағдайда мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
181. Комиссия құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуына жол берген әуе кемесін пайдаланушының (әуе кемесін пайдаланушы ұйымның) өкілдері кіреді.»;
көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу