Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №304 қаулысы

«Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 861 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 861 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Бірыңғай жүйенің құрылымына енгізілген мониторинг жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері шеңберінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
жай-күйін қағадалау Жерді қашықтан зондтау деректері пайдаланылып та жүргізіледі.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының                                                

Премьер-Министрі                                                                  Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу