Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 13 Қазан 2021

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) туристік маршрут (бұдан әрi – маршрут) – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;»;

мынадай редакциядағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) экологиялық туризм – табиғи объектілермен және дәстүрлі мәдениеттермен олардың копоненттерін жоймай және алып қоймай танысу мақсатында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын азаматтардың Кәсіпкерлік қызметін дамытуға ықпал ететін табиғи жерлерге саяхат.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызмет әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлерді орналастыру, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң қорғалуын және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті шаруашылық қызмет жүргiзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды ұйымдастыруды қоса алғанда, оған келушiлерге қызмет көрсету, рекреациялық орталықтар, жабайы жануарларды өсіруге және күтіп-бағуға арналған вольерлер, қонақ үйлер, кемпингтер, музейлер мен туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салуды және пайдалануды жүзеге асыру, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, дем алу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын жалға беру пункттерін орнату жолымен жүзеге асырылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ұлттық парктердегі туристік және рекреациялық қызметті туристік операторлық қызметке арналған лицензиясы болса, ұлттық парк тікелей, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Ұлттық парк туристік және рекреациялық қызметті ұйымдастыруды
«ҚР СТ ISO 18065-2017. Табиғат қорғау аумақтарының әкімшілігі ұсынатын қоғамдық пайдалануға арналған туристік қызметтер» ұлттық стандартына сәйкес қамтамасыз етеді.

Туристік қызмет көрсететін тұлғалар және туристер «СТ РК 2993-2017. Туристік қызметтер. Экологиялық туризм. Жалпы талаптар» ұлттық стандартының талаптарын ұстанады.

Ұлттық парктер аумағында демалушы туристер үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сервитут белгіленеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктердің учаскелері (бұдан әрі – учаскелер) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 29-бабында белгілеген шектеулермен жеке және заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға және бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жекеше әріптеске де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыруға арналған учаскелер бас жоспарға сәйкес және қолданыстағы инфрақұрылымы бар туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана  және жаңа инфрақұрылым құру үшін де пайдалануға беріледі.

Аумағында автокөлік құралдарына арналған жолдар мен тұрақтар, туристік соқпақтар, маршруттар орналасқан ұлттық парктер учаскелері пайдалануға берілмейді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және ұлттық парктің ресми интернет-ресурстарында ұлттық парктердің туристік әлеуеті туралы ақпарат орналастырады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумағында ұлттық парк орналасқан тиісті облыстағы өңірлік кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ әлеуетті қатысушылардың тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылауы тендерлік құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.

Тендерлік құжаттаманың жобасы тендерді тендер өткізу туралы хабарландыру орналастырылғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын ұйымдастырушының және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды.

Тендерлік құжаттамаға сұрақтар туындаған жағдайда, тендерлік құжаттаманы талқылауға қатысатын адамдар тендерлік құжаттаманың жобасы орналастырылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде тендерді ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен жүгінуге және тендерлік құжаттаманың жобасына негізделген ұсыныстар енгізуге құқылы.

Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған жағдайда оны бекіту туралы шешім қабылданады.

Ескертулер болған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) тендерлік құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

2) тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетіп, оларды қабылдамайды;

3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді.

Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап тендерлік құжаттама бекітілген болып есептеледі.

Тендерді ұйымдастырушы осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастырады.

Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында тендерлік құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылуға тиіс.»;

23-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) объектілерді салуға жеткілікті қаржы қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар. Қаржы қаражатының болуы тендерге қатысу үшін ұсынылған сәтке дейін күнтізбелік үш айдан кешіктірмей екінші деңгейдегі банк берген анықтамамен расталады. Тендерге қатысушы жобаның қаржы-экономикалық моделіне қоса, жобаның бизнес-жоспарын қоса береді;»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Ұлттық паркпен келісілген ЖСҚ-ны күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей пайдаланушы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жібереді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.