12 Қыркүйек 2023, 16:05
Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 12-1) және 13-2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыруға арналған өңірлер;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлер айқындалсын.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу