Мәдениет және спорт министрі

Дәурен Әскербекұлы Абаев

 

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған. 

2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, үшінші хатшысы.

2003 жылы — Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінің үшінші хатшысы.

2003-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы екінші хатшысы, уақытша сенімді өкілі.

2007 жылы — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы. 

2007-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің сарапшысы, консультанты, Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

2009-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі.

2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрі.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу