Ажар Ғиният
Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастады.
1994-1999 жылдары — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің инфекционист-дәрігері, бөлім меңгерушісі.
1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры.
2008-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде басқарма басшысы, департамент директоры.
2017 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі.
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу