Әлібек Сәкенұлы Қуантыров
1983 жылы 14 қарашада Гурьев (Атырау) қаласында туған.
Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша, Қолданбалы экономика магистрі дәрежесімен Мичиган университетін «Болашақ» стипендиясы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
2006 жылғы ақпаннан 2010 жылғы қазанға дейін — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2010 жылғы қарашада — Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің Стратегиялық әзірлемелер басқармасының басшысы.
2010 жылғы қарашадан 2013 жылғы ақпанға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті және Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
2013 жылғы ақпан-маусым аралығында — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
2013 жылғы маусым мен 2019 жылғы сәуір аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы сәуірден бастап 2021 жылғы ақпанға дейін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2021 жылғы 25 ақпаннан 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу