Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі
1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Ыстанбұл университетін бітірген. Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі.
Еңбек жолын 2000 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. Аталған университетте жетекші ғылыми қызметкер, аппарат басшысы, тарих кафедрасының доценті болып еңбек еткен.
2005-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дүниежүзілік тарих, археология және этнология кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы, аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті.
2006-2007 жылдары ҚР Президенттік мәдениет орталығы директорының кеңесшісі, орынбасары қызметтерін атқарды.
2007 жылы білім және ғылым министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
2008-2012 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде сарапшы, Президенттің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болған.
2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалды.
2016 жылғы шілдеден бастап қыркүйекке дейін – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның Басқарма төрағасы.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі болып қайта тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу