Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов

 1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1991 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдаған.

1988–1996 жылдары Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант, М.Горький атындағы колхозында механик, Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженер болып қызмет атқарған.

1996–2008 жылдары — Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бөлім меңгерушісі, экономика басқармасының бас маманы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

2008–2011 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2011–2015 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы.

2015–2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

2018–2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

2019–2021 жылдары — Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі.

2021–2022 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2022–2023 жылдары — Жамбыл облысының әкімі.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу