Руслан Ерболатұлы Дәленов

1975 жылғы 8 ақпанда туған.

1999 жылы Стамбул қаласындағы (Түркия Республикасы) Мармара университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде жетекші маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы.

2002 жылғы наурыздан 2002 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің Талдау және болжамдау басқармасының бастығы. 

2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің Ағымдағы кірістер басқармасының бастығы.

2003 жылғы мамырдан 2003 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы.

2003 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры.

2005 – 2008 жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

2008 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2017 жылғы сәуірден 2019 жылғы 25 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, ҚР ҚМ «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Астананың 10 жылдығы», «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Тұлғаға қатысты материалдар