Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бақытжан Сағынтаев пен Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Ахметжан Есімовті таныстырды.

Премьер-Министр Ахметжан Есімовтің елге сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік күрделі міндеттерді орындаудағы жоғары кәсіпқойлығы мен жауапкершілігін баса айтты.

Қысқа уақыттың ішінде А. Есімов «Экспо-2017» Халықаралық көрмесіне» тиімді дайындық пен оның табысты өтуін ұйымдастырды.  

«Қордың алдында Мемлекет басшысының қойған өте маңызды, оның ішінде трансформациялау бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша міндеттері тұр», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Бакытжан Сагинтаев, Ахметжан Есимов, Адильбек Джаксыбеков, Умирзак Шукеев

Премьер-Министр жаңа басқарма төрағасы мен Қор ұжымына табыс тілеп, еліміздің Президенті белгілеген мақсат пен міндеттерге жету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу