ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары

фото: Шүкір Шахай

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Әзербайжан Премьер-Министрі А. Асадовтың екіжақты кездесуі өтті. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы, ғарыш және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады

Екі елдің Үкімет басшылары Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр А. Мамин метанол және олефин өндіретін зауыт құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты. Жобаны сингапурлық «WestGasOil» компаниясы жүзеге асырады, инвестициялар көлемі – $1,8 млрд

Асқар Мамин химия өнеркәсібі өнімдерінің ірі өндірушісі – «ҚазАзот» кәсіпорнының жұмысымен танысты

Өңірдің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені салынып жатыр

«Mangystau Oil Refining» ЖШС шағын МӨЗ жылына 75-80 мың тоннаға жуық өнім өндіреді. 2020 жылға қарай жылына 830 мың тонна көмірсутекті шикізатты қайта өңдейтін жаңа қондырғы іске қосылады

Компания бензин, мазут, дизель және пеш отыны секілді мұнай өнімдерінің түрлерін шығарады

«Maga-Bread» ірі нан-тоқаш зауытына бару

Зауыт заманауи еуропалық жабдықтармен жарақтандырылған және жоғары сапалы өнім шығарады

Нан-тоқаш өнімдерінің ассортименті 150-ден асады, зауыттың өнімділігі – күніне 50 тонна

Зауытта кәсіпорынға жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейді

Ә. Кекілбаев атындағы мәдени орталық

Мұнда Қазақстанның халық жазушысының музейі мен мемориалы орналасқан.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу