2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба

Паспорт

1. Паспорт

1. Атауы

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба

2. Ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты:

Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:

- халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;

- экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;

- кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту.

3. Іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер,

игілік алушылар үшін пайда

 

Күтілетін экономикалық тиімділік (сандық мәнде)

1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35 %-ға дейін жеткізу.

2. ЖІӨ-дегі туризм көлемінің өсуі 8,4 трлн теңге.

3. Мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 %-ға дейін төмендету.

4. 995,3 мың жұмыс орнын құру, оның ішінде:

 тұрақты – 335,1 мың,

уақытша – 660,2 мың.

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және /

немесе сандық мәнде)

1. Азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру – 1,7 млн адам;

2. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту – 3,5 млн адам;

3. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқы үлесінің азаюы –  6,5%.

4. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті

қаржыландыру көлемі

8 455 329 919 мың тг. (оның ішінде республикалық бюджет – 1 030 884 427,0 мың тг.,

жергілікті бюджет – 124 695 492,0 мың тг., бюджеттен тыс қаражат – 7 299 750 000,0 мың тг.):

2021 жыл – 1 272 207 923,3 мың тг;

2022 жыл – 1 370 367 038,7 мың тг;

2023 жыл – 1 620 056 904,0 мың тг;

2024 жыл – 1 963 862 120,0 мың тг;

2025 жыл – 2 228 835 933,0 мың тг;

Барлығы – 8 455 329 919 мың тг.

5. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

6. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты

мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі,

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі,

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі,

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі,

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі,

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі,

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі,

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі,

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша),

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

(келісу бойынша), жергілікті атқарушы органдар,

«Атамекен» ҰКП (келісу бойынша),

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ (келісу бойынша),

«Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісу бойынша),

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісу бойынша),

«ЭЭҚРҚО» АҚ (келісу бойынша),

«Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» КеАҚ (келісу бойынша),

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (келісу бойынша).

7. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы

Жетекші – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ә.А Ерғалиев.

Куратор – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайылов.

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу