«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы

Паспорт

1. Паспорт

1. Атауы

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы

2. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты

Базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету,

тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту,

сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік

әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру

3. Іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері, игілік алушылар үшін пайдасы

Күтілетін экономикалық әсері

астананың, республикалық маңызы бар қалалардың
ЖӨӨ-сін жыл сайын 3,9 %-ға ұлғайту;

транзиттік жүк легін 22,7-ден 30 млн тоннаға дейін ұлғайту;

Қазақстанның позициясын:

ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде

«Инфрақұрылым» көрсеткіші бойынша 62-ден 49-ға дейін;

Дүниежүзілік банк рейтингінде «Логистика тиімділігі» көрсеткіші

(LPI) бойынша 71-ден 50-ге дейін жақсарту;

   491,1 мың жұмыс орнын, оның ішінде:

   15,7 мың тұрақты жұмыс орнын;

   475,4 мың уақытша жұмыс орнын құру.

Күтілетін әлеуметтік әсері

 - урбандалу деңгейін 59,1 %-дан 62,6 %-ға дейін ұлғайту;

 - агломерациялар мен облыс орталықтарындағы (сондай-ақ Семей қаласындағы)

халық санын жыл сайын 1,7 %-ға ұлғайту;

-  ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 21 мыңнан астам маманды,

сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері

аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін тарту;

 - барлық қаржыландыру көздері есебінен 236,7 мың отбасының

тұрғын үй жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету;

   қалаларда сумен жабдықтау қызметтеріне 100 % қолжетімділікті қамтамасыз ету;

ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне 100 % қолжетімділікті қамтамасыз ету;

қоныс аударушылар мен қандастардың жұмыспен қамтылу деңгейін,

оның ішінде кәсіпкерлік бастаманы дамыта отырып,79 %-дан 87 %-ға дейін арттыру.

5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

2021 – 2025 жылдарға – 7 567 408 245,0 мың теңге:

РБ – 4 022 143 962,0 мың теңге;

ЖБ – 785 759 418,8 мың теңге;

бюджеттен тыс қаражат – 2 759 504 864,2 мың теңге.

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі,

ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі,

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі,

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,

облыстардың, Нұр-Сұлтан,

Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісу бойынша),

«Атамекен» ҚР ҰКП (келісу бойынша),

«ТКШ Қаз Орталығы» АҚ (келісу бойынша),

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісу бойынша),

«Отбасы банкі» ТҚЖБ» АҚ (келісу бойынша),

«ҚТК» АҚ (келісу бойынша),

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісу бойынша),

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісу бойынша),

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ (келісу бойынша),

«Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ (келісу бойынша),

«SCAT» АҚ (келісу бойынша),

«Aqjaiyq» ӘКК (келісу бойынша),

«ӨДҚ» АҚ (келісу бойынша),

«АТСП» ҰК» АҚ (келісу бойынша),

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ (келісу бойынша),

«ҚАӘ» АҚ (келісу бойынша)

8. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы

 

Жетекші – Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиев

Куратор – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Скляр

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу