Қазақстанда азаматтық белсенділік пен жастардың патриоттығын дамытуға жағдай жасалған

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған 89-қадамын іске асыруға қатысады.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Ұлт жоспарының 89-қадамын іске асыру бойынша ведомствоның міндеті Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындауды қамтамасыз ету болып табылатынын хабарлады.

Жастар конгресімен бірге Республикалық жастар форумы ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» РЖҚҰ бірге жастардың практикалық дағдыларын әлеуметтендіру және дамыту бойынша «Мен.kz» Жалпыұлттық жастар жобасын әзірлеу басталды.

Жастар арасында ұлттық құндылықтарды ілгерілетуді, ұлттық сана-сезімді жандандыруды, ұлттық тарихқа, мәдениетке, әдебиетке қызығушылықты оятуды көздейтін «Абай жолы» ұлттық мектебі» жобасы іске асырылды.

Сондай-ақ, ұлттық біртектілікті сақтау және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бірге өмір сүру» жастар фестивалін өткізу жоспарланған, оған жас отбасылар қатысады.

2017 жылдың қаңтарында министрлік Үкіметтің өңірлердегі жастардың бос уақыты мен өзін-өзі тануы үшін инфрақұрылымды нығайту мәселесін қарауына бастамашы болды. Нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері алғаш рет жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Жастарға арналған нысандарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салу күтілуде. Бірқатар өңірлер коворкинг-орталықтар мен спорт ғимараттарын салуға кірісіп кетті.

Бұдан өзге, министрлік еңбек нарығының қажеттіліктері, жоғары оқу орындары мен орташа арнайы оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы жастарды жедел ақпараттандыру мақсатында «Түлектер тақтасы» жобасына бастамашы болды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу