24 Шілде 2017, 05:00
2017 жылғы 17 мен 22 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына барды.
Сейсенбі, 18 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының 2017 жылғы 6 айдағы қорытындылары, сондай-ақ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдағы «Нұрлы жер» Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы туралы кезекті Үкімет отырысы өтті.
Сәрсенбі, 19 шілдеде, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі Грег Хэндспен, Инвестициялық саясат жөніндегі жаһандық бағыттың жетекшісі Роберто Эчанди бастаған Дүниежүзілік банктің сарапшылар тобымен бірқатар кездесулер өткізді.
20-21 шілдеді Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысты.
Сенбі күні Бақытжан Сағынтаев Жапонияның экономика, сауда және индустрия министрі Хиросигэ Сэкомен кездесті, сондай-ақ цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу