Жыл соңына дейін Қазақстанда «Е-шаңырақ» электронды платформасы іске қосылады

2017 жылдың соңына дейін пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған, оның аясында электронды форматта ПИК шығындары қадағаланады, деп хабарлады ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Жүйенің басты мақсаты – шығындарды бекіту, қаражаттарды жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарушы ПИК таңдауды әлдеқайда ашық ету.

«Қазір біз ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, «Зерде» компаниясымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Жыл соңына қарай жоба пилоттық режимде іске қосылады», — деді Мархабат Жайымбетов.

Ұйымдастырушылар электронды платформаны іске қосқаннан кейін ПИК жұмысы реттеледі және КСК жұмысы мен тұрғын үй қатынастарының көп жылдық мәселелері шешіледі деп сенеді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу