19 Тамыз 2017, 06:49
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және 2015 жылғы қарашада Ауғанстан президенті А. Ганидің Астанаға сапары барысында екі мемлекеттің Басшылары жасасқан келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.
Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін жақсарту шаралары мен темір жолдар салу саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары қаралды. Бұдан өзге, екі елдің білім беру саласындағы өзара іс-қимылын жалғастыру мәселесі көтерілді.
Бақытжан Сағынтаев Абдулла Абдулланы ұлттық мерекесі – Ауғанстан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оған қоса, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017-дегі Ауғанстанның Ұлттық күнін талқылады.
Анықтама:
Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 489,4 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 486,8 млн, импорт – 2,5 млн. 2017 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 195,8 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 195,2 млн, импорт 0,6 млн.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу