Бақыт Сұлтанов: Үкімет бюджет қаражаттарын игеруге бақылау орнату бойынша жаңа тетіктерді іске асыруды бастады

ҚР Үкіметі бюджет қаражаттарын игеруге бақылау орнату бойынша жаңа тетіктерді іске асыруды бастады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады. 

Бұдан өзге, министр Қазақстанда бюджет қаражаттарын игеру бойынша жұмыстың айтарлықтай күшейтілгенін мәлімдеді. Ендігі министрліктердің бюджетті игермейтін қаражаттары өзге министрліктерге жіберілетін болады. 

«Мұнда «қолдан басқару» тетігі қолданылады. Қаржыны игермегендерден алып, оны игеретіндерге беру қажет», - деді Б. Сұлтанов. 

Күзде бюджет анықталады. Жақын арада нақты сандарды мәлімдейтін боламыз. Жалпы, министрдің айтуынша, бюджет қаражаттарын игеру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. 

Сондай-ақ, ол Қазақстанның бюджет тапшылығы 2018 жылы 1,1%-дан 2019-2020 жылдары 1%-ға дейін біртіндеп төмендетілетінін хабарлады. Нақты мәнінде – 2018 жылы 639,6 млрд теңгеден 2019 жылы 608 млрд теңгеге дейін және 2020 жылы - 653,5 млрд теңгеге дейін.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу