27 Қараша 2017, 10:11
Бүгін Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасын талқылау барысында «Назарбаев университеті» ААҚ вице-президенті Қанат Байғарин Стратегиялық жоспар элементтері адам капиталына қатысты мәселелерде нақты мәнге ие екенін атап өтті.
«Шынын айтқанда, біз қазір өтпелі кезеңде тұрмыз: бізге адам капиталын дамытудың зияткерлік құрамына көшу керек. Осыған байланысты Стратегиялық жоспардағы ұсыныс — STEM (Science, Technology, Engineering & Mathematics), жаратылыстану ғылымдарына, технологияларға, инженерияға және математикаға назарды аудару – қоғамның жаңа жағдайына көшудің маңызды элементі», — деді сарапшы.
Оның пікірінше, біздің өзімізге алгоритм жазу керек.
«Мен бұны аталған процестің түбегейлі тәсілі деп есептеймін, бұл мектептерге де, жоғары білім беруге де қатысты», — деді Қ. Байғарин.
Айта кету керек, бүгінгі таңда «Назарбаев университетінде» қоғамның алдағы 10-15 жылда нені бастан кешіретінін моделдеуге кірісіп кетті. Университет өз әдіс-тәсілдерімен өзге ЖОО-лармен және мектептермен бөліседі. Мәселен, ағылшын тілінде оқыту жүйесін енгізу бойынша тәжірибемен бөлісу.
Бұдан өзге, сарапшы қазіргі таңда жаратылыстану ғылымдары мен инженерияға басым назар аудару керектігін атап өтті.
«Алға дамитын қоғамдар көшбасшы болады», — деп түйіндеді ол.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу