Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин

Жұма, 19 Қараша 2021, 14:34:36

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл Қазақстанның төрағалығымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) қорытынды отырысына қатысты.

Үкімет басшысы жыл басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген ЕАЭО-ға ҚР төрағалық етуінің басым бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өтті.

Премьер-Министр биыл ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны жандандыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын жеткізді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЕАЭО өнеркәсіптік өндірісінің көлемі $620 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары. Аралық тауарлармен өзара сауда көлемі 40%-ға $20,3 млрд дейін өсті. Жыл басынан бері Қазақстанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бизнесінің қатысуымен 1172 жаңа бірлескен кәсіпорын тіркелген (+9%).

Үкімет басшысы ЕАЭО аясында өзара саудадағы кедергілерді анықтау және жою бойынша атқарылған ауқымды жұмысты атап өтті. Қазіргі уақытта ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілердің 80%-ы жойылған. ЕАЭО-дағы өзара сауда көлемі биылғы 9 айда $52 млрд құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға ұлғайды.

ЕАЭО-ның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту шеңберінде биыл бірлестікке қатысушы елдердің көлік кешендерін интеграциялау жөніндегі іс-шараларды көздейтін 2021-2023 жылдарға арналған көлік саясатын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

Биылғы жылдың 10 айында Қазақстан арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр Шығыс бағытында 883,2 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 25%-ға артық. Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымал көлемі осы кезеңмен салыстырғанда 36%-ға өсіп, 604,5 мың ЖФЭ құрады.

ЕАЭО елдерінің цифрландырудағы жемісті ынтымақтастығының мысалы ретінде А. Мамин «Цифрлық көлік дәліздері», «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі» жобалары мен «COVID-сыз саяхаттаймын» қосымшасын атады. Экономикалық интеграция саласында тиімді құралдарды құру бойынша жаңа цифрлық бастамаларды іске асыру қажеттігі атап өтілді.

А. Мамин шекара маңындағы сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс ЕАЭО-ның негізгі сауда серіктестерінің экономикаларының дәйекті қалпына келуімен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы сауда көрсеткіштерінің күрт қалпына келу факторына айналғанын атап өтті. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында ЕАЭО елдерінің сыртқы сауда көлемі $596 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,7%-ға артық.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарының ортақ нарығындағы жағдайды шешу үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. ЕАЭО аясында кредиттік тарих құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстандық тараптың сериялық өнімнің шығу орны туралы сертификаттарды қолдану үшін тауарлар тізбесін кеңейту туралы бастамасы қолдау тапты. Бұл шешім қазақстандық кәсіпорындарға әкімшілік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Отырысқа Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қатысып, Куба Премьер-Министрі Крус Мануэль Марреро бейнеүндеу жасады.

Ереван қаласына жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен және Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен екіжақты келіссөз жүргізді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Желтоқсан 2021, 16:26
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды
08 Желтоқсан 2021, 11:06
9 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
08 Желтоқсан 2021, 10:12
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
08 Желтоқсан 2021, 08:40
А. Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы А. Жапаровпен келіссөз жүргізді
07 Желтоқсан 2021, 19:40
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
07 Желтоқсан 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.