4 мыңнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді — «СҚ-Фармация» ЖШС

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қаралды. Республикада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев баяндады.

Біріншіден, өңірлер пандемия кезінен бастап 16,6 млрд теңге сомасына COVID-19 бойынша ДЗ қосымша қажеттілігін мәлімдеген. 2020 жылғы 22 шілдеден бастап Бірыңғай дистрибьютор ҚР бойынша барлық медициналық ұйымдарда (инфекциялық және провизорлық орталықтар) айлық қорды қалыптастыру туралы шешім қабылдады, ол ДЗ және МИ сатып алынған қосымша көлем есебінен жедел толықтырылады.

Бұл шара медициналық ұйымдардың шұғыл қосымша қажеттілігін жабуға, COVID-19 бойынша дәрілік заттармен стационарларды толықтыруға, стационарларда резервтер құруға жол ашты.

Екіншіден, амбулаториялық деңгейде препараттар тізбесі кеңейтілді, ДЗ-ның 5 атауын қамтитын COVID-19 нозологиясы енгізілді. ПТР-тест нәтижелеріне қарамастан, CОVID-19 диагнозы қойылған, алайда ауру жеңіл өтіп жатқан пациенттер тіркелген жері бойынша өз емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша ыстықты төмендететін дәрілер мен антикоагулянттар ала алады.

ТМККК аясында халықты қамтамасыз ету ҚР ДСМ бұйрығы шыққаннан кейін 2020 жылғы тамыз айының ортасында басталды. Медициналық ұйымдардың өтініміне сәйкес шамамен 2 млрд теңге сомасына 1 млн-ға жуық адамды қамту көзделген. 

2020 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша 4 мыңнан астам қазақстандық 55 млн теңгеге жуық сомаға тегін рецепттермен қамтамасыз етілді.

«Үшіншіден, маусымдық тұмауға қарсы вакцинация. Бірыңғай дистрибьютор 2 199 990 доза мөлшерінде Ресей, Петровакс Фарм өндірісінің Гриппол Плюс сауда атауымен вакцина сатып алды. Көлем өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына жөнелтілді. Халықты вакцинациялау 2020 жылғы 15 қыркүйектен басталды», — деп мәлімдеді Ерхат Есқалиев.

Төртіншіден, COVID-19 бойынша ДЗ екі айлық қорын қалыптастыру (төмендетілмейтін қор).

Бірыңғай дистрибьютор айына шамамен 60 000 пациентті стационарларда емдеу үшін 8,2 млрд теңге сомасына COVID-19 бойынша тапшы және сұранысқа ие ДЗ 44 атауын сатып алуда.

Төмендетілмейтін Қордың көлемі КВИ екінші толқыны орын алатын жағдайда қауіпсіздік «жастығын» қалыптастыру үшін ҚР ДСМ болжамы бойынша өтінімдерден тыс сатып алынады. COVID-19 бойынша ДЗ екі айлық қорының көлемі Бірыңғай дистрибьютордың ХАБ-тарында сақталады.

2020 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 млрд теңгеден астам сомаға ДЗ-ның 37 атауы сатып алынды. Осылайша, резервті құру 2020 жылғы 28 тамыз бен 15 қазан аралығында жоспарланған.

Бесіншіден, бөлшек сауда желісіне араласу үшін медициналық үш қабатты маскалар сатып алу.

«2020 жылғы 18 қыркүйекте 8 жеткізушіден 10 млн медициналық маска сатып алынды, сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болуына байланысты 1 жеткізуші қабылданбады. Барлық жеткізушілерге 30% аванс төленді. Жақын арада “СҚ-Фармация” ЖШС хабтарына 2020 жылғы 10 қазанға дейін жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады», — деп атап өтті «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы.

Алтыншы, бөлшек сауда желісіне араласу үшін дәрі-дәрмектерді сатып алу.

№468 Қаулыға сәйкес «СҚ-Фармация» ЖШС-не кейіннен бөлшек сауда желісінде сату үшін ДЗ-ны көтерме сатып алу бойынша өкілеттіктер берілген.

2020 жылғы 14 қыркүйекте Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне биылғы 15 қыркүйекке дейін белгіленген тәртіппен бөлшек саудада өткізу үшін сатып алынатын дәрілік заттарға «СҚ-Фармация» ЖШС-не өтінім беру тапсырылды.

Өңірлер БФАҚ порталында 3,1 млрд теңге сомасына өтінімдер берді. Бүгінгі таңда барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Сатып алу рәсімдері басталды. Қор 15.10.2020 ж. дейін БД қоймаларда қалыптастырылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу