Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан БАӘ-нің Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі бола алады

03 қыркүйек 2018, 14:43

Елдер арасындағы инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі перспективалары мен әлеуеті туралы БАӘ 14-ші жетекші іскерлік басылым өкілдерімен кездесуде Дубайдағы «Kazakh Invest» ҰК өкілі Илья Оразақов айтты.

«Тарихи жағынан біздің елдер өте жылы және стратегиялық қарым-қатынаста. Алайда тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастықты едәуір арттыруға болады. Екі елдің сарапшыларының пікірінше, экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін кем дегенде үш есеге арттыруға болады», — деп атап өтті Илья Оразақов.

Өткен жылғы деректерге сүйенсек, елдер арасындағы тауар айналымы $680 млн жақындады, ал барлық осы уақыт ішінде қазақстандық жобаларға салынған инвестициялар көлемі шамамен $4 млрд құрады, сонымен қатар, соңғы 10 жылда елімізге салынған шетел инвестицияларының жалпы көлемі $270 млрд жетті, бұл Орталық Азияның барлық инвестицияларының 63%-ын құрайды.

2018–2022 жылдарға арналған Қазақстанның Инвестициялық стратегиясының таныстырылымы аясында И. Оразақов Қазақстан бүгінде Таяу Шығыс бизнесін ынтымақтастыққа белсенді түрде шақырып жатқанын және Араб әмірлігі бизнесімен ынтымақтастық үшін неғұрлым перспективалы салалар: ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, мұнай-химия және туризм саласындағы жобалар болып табылатынын атап өтті.

Оразақовтың айтуынша, Қазақстан бүгінде инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында БАӘ-ден инвесторларға Еуразияның орталығынан 220 млн га ауыл шаруашылығы жерін және салықтан босатуды ұсынуда.

«Бүгінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық өте сәтті болатыны еш күмән тудырмайды! Біздің елдер бір-біріне мүдделі. БАӘ-де соңғы технология, үздік менеджмент және халықаралық сараптама бар. Қазақстан бай шикізат базасынан басқа сапалы қайта өңдеуге жағдай, толықтай мемлекеттік қолдау, және әрине, жаңа нарыққа қолжетімділік ұсынуға әзір. Біздің ел – 500 млн адамға белсенді дамыған, жаңа нарыққа қолжетімділік ашатын "терезе". Ал бұл Орталық Азия елдері, Батыс Қытай, Ресей аумағы және каспий маңындағы мемлекеттер», — деп атап өтті Оразақов.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз