Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин ЕАЭО дағдарысқа қарсы шараларын өзектендіруді ұсынды

Жұма, 20 Тамыз 2021, 15:33:58

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына төраға ретінде қатысып, онда ЕАЭО-ның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бастамалар көтерді.

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сенімді қалпына келтірілуін атап өтті. ЕАЭО аясындағы өзара сауда биылғы қаңтар-маусым айларында шамамен $33 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артық. Үшінші елдермен сауда көлемі 24,5%-ға өсіп, $371,1 млрд құрады.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлық көлік түрлерінің жүк айналымы 3,1 трлн тонна-километрге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға артық.

Транзит көрсеткіштерінде елеулі өсім байқалады. Атап айтқанда, тек Еуропа-Қытай-Еуропа бағыты бойынша осы жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік тасымалдар көлемі 47%-ға өсіп, 381,4 мың ЖФЭ құрады.

Премьер-Министр пандемиямен байланысты тәуекелдер бұған дейін болжанғаннан да ұзақ мерзімді сипатқа ие екенін атап өтті. Осыған байланысты 2020 жылғы сәуірде ЕАЭО шеңберінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларды өзектендіру қажет екенін атап өтті. ЕЭК-ке тиісті ұсыныстарды 2021 жылғы қазанда өтетін ЕҮАК-тың келесі отырысына енгізу тапсырылды.

А. Мамин азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, АӨК өнімдерін өндіру бойынша ЕАЭО әлеуетін арттыру және оны сыртқы нарықтарға шығару, секторда қосымша қаржыландыру көздерін қалыптастыру бойынша қосымша бірлескен жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Аталған міндеттерді іске асырудағы сапалы тәсіл біздің макроөңірге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өзін еуразиялық кеңістіктегі ең маңызды азық-түлік хабтарының бірі ретінде танытуға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы жетекші қаржы ұйымдарымен әріптестікте ЕАЭО-да «жасыл» жобаларды және «жасыл» қаржыландыруды ілгерілету жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі туризмді дамытуда бірінші кезектегі міндеттер ретінде ЕАЭО елдері азаматтарының ортақ нарықтарға, оның ішінде вакциналау паспорттарын өзара тану, жеңілдетілген карантиндік режимі бар бірлескен туристік аймақтарды қалыптастыру және цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамыту арқылы өзара қол жеткізуін жеңілдету жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді атады.

Отырыста Қазақстан тарапының бастамасы бойынша сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі аймақтық ұйым құру туралы шешім қабылданды. Бұл еуразиялық кеңістікте сәйкестікті бағалау жөніндегі ұлттық органдардың қызметін шоғырландыруға, уақыт пен қаржы ресурстарын үнемдеуге және саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді.

ЕАЭО шеңберінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүддесінде жүк темір жол тасымалдарын цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Тауарларды әкету кезінде белгіленетін экспорттық реттеудің біржақты шараларын жақындастыру, ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру, жаһандық климаттық күн тәртібін іске асыру тұрғысынан ортақ тәсілдемелер тұжырымдау, трансшекаралық есеп айырысуларды автоматтандыру және интеграциялау, мұнай мен газдың ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс барысы, теміржол көлігінің транзиттік әлеуетін дамыту және т. б. мәселелер қаралды.

Отырысқа сондай-ақ Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстан Премьер-Министрі Улукбек Марипов, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов қатысты, Куба Премьер-Министрі Крус Мануэль Марреро бейнемәлімдеме жасады.

Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы Асқар Мамин Қырғызстанның Премьер-Министрі Улукбек Мариповпен екіжақты келіссөз жүргізді. Екі елдің сауда-экономика, инвестиция, су-энергетика, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және т. б. салалардағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

2021 жылдың 6 айында екіжақты сауда көлемі $413 млн құрады. Тараптар бұл көрсеткішті $1 млрд дейін жеткізуге ниетті.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2021, 09:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №130
25 Қыркүйек 2021, 13:01
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.