А. Мамин Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының президенті С. Коэмен кездесу өткізді

А.ж. 2 желтоқсан күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының президенті лорд Себастьян Ньюболд Коэ бастаған делегацияны қабылдады. 

«Спорттың, оның ішінде жеңіл атлетиканың танымалдылығын арттыру біздің саясатымыздың маңызды бағыты. Қазақстанда 7 озық жеңіл атлетика орталығының құрылысы жүріп жатыр - Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Павлодарда, Ақтөбеде, Талдықорғанда, Атырауда және Өскеменде. Бұл осы спорт түрінің одан әрі таралуына ықпал ететін болады», - деді А. Мамин.

Бүгінде 20 мыңнан астам қазақстандық жеңіл атлетикамен айналысады, оның ішінде 11 мыңы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде оқиды, 600-ден астамы кәсіби спортпен шұғылданады. Қазақстан 1993 жылдан бері Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының  (IAAF) мүшесі. Қазақстандық спортшылар 20-дан аса марапат иеленді, оның ішінде 2000 жылы Сиднейде алтын медальға (Ольга Шишигина) және 2012 жылы Лондонда алтын медальға (Ольга Рыпакова) ие болды. 

Тараптар білікті жаттықтырушылар персоналын даярлауда, жеңіл атлетиканы бұқаралық спорт түрі ретінде танытуға және балалар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізуде ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Кездесуге Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Т. Құлыбаев, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Д. Ахметов, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары О. Шишигина және О. Рыпакова қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу