Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Сейсенбі, 18 Мамыр 2021, 18:06:46

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Павлодар облысына жұмыс сапары барысында энергетика, машина жасау, металлургия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты.

Екібастұз қаласында Үкімет басшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаланы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды.

Құжат жайлы қалалық ортаны, экономиканың нақты секторын дамыту, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, экологиялық проблемаларды шешу бойынша 118 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді.

2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің үлесін 4 есе — 5%-дан 20%-ға дейін арттыру арқылы қала экономикасының отын-энергетика кешеніне және тау-кен өндірісі саласына тәуелділігін төмендету көзделген. Машина жасау, АT-технологиялар, көмір химиясы, қызмет көрсету салаларында 16,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жоспарды іске асыруға 932,3 млрд теңге қарастырылған, оның 84%-дан астамы — жеке инвестициялар.

Екібастұз МАЭС-1-ді аралау кезінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Премьер-Министрге ҚР аталған ірі жылу электр станциясын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың барысы, Екібастұз МАЭС-2 №3 жаңа энергия блогын салу жобасын іске асыру, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы басқа да инвестициялық жобалар туралы баяндады.

Екібастұз МАЭС-1-де электр сүзгілерін орнатумен №1 энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 550 МВт-қа – 4050 МВт-қа дейін ұлғайтуға және күл-қожды жоюдың заманауи технологияларын қолдану есебінен қоршаған ортаға әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаның құны 123,7 млрд теңгені құрайды, бұл ретте станцияны пайдалануға беру мерзімін қысқартып, жобаны 2023 жылы аяқтау көзделген. Осылайша, қысқа мерзімді перспективада ҚР өсіп келе жатқан экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ірі индустриялық жобаларды іске асыру үшін шамамен 1200 МВт қуат іске қосылады.

Үкімет басшысына Екібастұз қаласының индустриялық аймағында іске асыру жоспарланған, жалпы сомасы 227,5 млрд теңгеге тау-кен өндірісі, металлургия, көмір-химия және өңдеу өнеркәсібі саласындағы перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.

Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің ірі жобаларының бірі қуаты жылына 240 мың тонна жоғары маркалы ферросилиций және 12 мың тонна микрокремнеземді құрайтын ферроқорытпа зауытын салу болады. Жобаны «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырады. Жоба құны 55 млрд теңгеден асады. Кәсіпорынның құрылысы кезінде 1,5 мың жұмыс орны, ал ол іске қосылғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру Қазақстанның ферроқорытпа нарығындағы экспорттық әлеуетін арттырады және ферросилиций экспорттаушыларының әлемдік рейтингінде ҚР позициясын 5-орыннан 2-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Ansa Silicon» компаниясы қуаты жылына 35 мың тонна өнім шығару болатын техникалық кремний өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 40 млрд теңгеден астам, оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. 400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Өнімдері АҚШ, Жапония және Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады.

Үкімет басшысы темір жол дөңгелектерін («Проммашкомплект» ЖШС), темір жол осьтері мен доңғалақ жұптарын («R.W.S. Wheelset»), темір-бетон шпалдары мен білеулер («R.W.S. Concrete»), бекіту бұйымдарын - серпімді клеммаларды, бұрандамалар мен бұрамаларды («ФерроТрансТрейд») өндіретін кәсіпорындарға барды. Экспорт көлемі өнімнің 70-80% құрайды.

Екібастұз қаласында ГФР және РФ инвесторларының қатысуымен «Railcast Systems» ЖШС ұсталық-бандаж кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру Қазақстанда темір жол машинасын жасауды дамытуға жаңа серпін береді. Өндірістің қуаты – жылына локомотивтерге, үлкен тісті доңғалақтардың дайындамаларына және соғылған бұйымдарға арналған 102 мың қара құрсау. Жобаның құны – 70,1 млрд теңге, іске асыру мерзімі – 2024 жыл, 600 жұмыс орны құрылады. Кәсіпорынды іске қосу ҚР-ның аталған өнімге ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 81%-ы сыртқы нарықтарға экспортталатын болады.

Павлодар қаласында Премьер-Министр «Қазақстан алюминийі» АҚ өндірісінің дамуымен және экологиялық стратегиясының іске асырылуымен танысты, түрлі мақсаттағы арнайы техниканы шығаратын «ТемірМаш» зауытына, құрылыс материалдарын дайындайтын «ZENITH» зауытына барды.

Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға 573,7 млрд теңгеге дейін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті.

Жұмыс сапарына ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №595 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:41
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Үкіметтік делегация Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралады
09 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді
08 Қыркүйек 2021, 12:41
Қазақстандағы медициналық сақтандыру, эпидемияға қарсы іс-шаралар және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды
07 Қыркүйек 2021, 19:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысының жаңа әкімі Н. Ноғаевты таныстырды
07 Қыркүйек 2021, 16:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:19
Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:10
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты
07 Қыркүйек 2021, 11:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.09.2021
07 Қыркүйек 2021, 11:28
Үкімет шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасын әзірлеп жатыр — Ә. Ерғалиев
07 Қыркүйек 2021, 11:24
Инфляцияға қарсы реттеу: Үкімет азық-түлік, бензин және тұрғын үй бағаларын төмендету шараларын ұсынады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.