Әлихан Смайылов «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілікке қатысты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет Аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді.

Сондай-ақ бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауларын тазалап, ағаш екті.

Айта кетейік, Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да «жасыл» акциялар легі жалғасады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу