Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Еуразия даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді

15 қараша 2017, 18:36
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында банк қызметінің қазіргі және перспективалық бағыттары, халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық мәселелері, бірлескен интеграциялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелері талқыланды.

Отырыс жұмысына бейнеконференция режимінде ЕАДБ-ге мүше барлық ел қатысты. Кеңес А. Бельяниновтың банктің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалуын бірауыздан мақұлдады.

Еске сала кетейік, Еуразия даму банкі 2006 жылғы 12 қаңтарда қол қойылған мемлекетаралық келісім негізінде құрылған. Банкті құруға Қазақстан мен Ресей президенттері бастама білдірген.

Банк — қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсіміне, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстың кеңеюіне және инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестердің дамуына жәрдемдесуге шақыратын халықаралық қаржы ұйымы.