Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мәжіліс депутаттары Павлодар зауыттарының өндірістік үдерістерімен танысты

08 қаңтар 2018, 20:23
Павлодар облысы

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев, Артур Платонов «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мен «Қазақстан алюминиі» АҚ-на барып, кәсіпорын цехтарының өндірістік үдерістерімен танысты.

Мәжіліс депутаттары жоғарыда аталған кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесулер барысында ТКШ, білім беру және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Содан кейін, Парламент Мәжілісі депутаттары түсті металлургия колледжінің аумағында орналасқан Студенттер үйін аралады. Депутаттар Студенттер үйінің тұрмыстық жай-күйіне жоғары баға беріп, білім алушыларға оқуда жетістіктер тіледі. Айтар болсақ, жатақхана өткен жылдың соңында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған болатын.  

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары М. Пішембаев пен А. Платоновтың Павлодар облысына жұмыс сапары 12 қаңтарға дейін жалғасатынын айта кеткен жөн.