Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

АӨК: саланы дамытудың 2018 жылға арналған негізгі тоғыз бағыты анықталды

22 ақпан 2018, 15:23

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының аясында саланы дамытудың негізгі міндеттерін белгіледі.

2018 жылға арналған міндеттер

АӨК алдына қойылған міндеттердің бірі — еңбек өнімділігін және өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру. Оны жүзеге асыру үшін министрліктің негізгі күші мен ресурстар тоғыз негізгі бағытқа шоғырланған:

  • АӨК субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігі;
  • өткізу нарықтарының қолжетімділігі және экспортты дамыту;
  • мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі;
  • салық салуды жетілдіру;
  • ғылым, білім беру және білім тарату;
  • АӨК-ті цифрландыру;
  • технологиялардың қолжетімділігі;
  • су ресурстарын тиімді пайдалану;
  • биологиялық ресурстарды тұрақты басқару.

Әр бағыт бойынша өлшенетін көрсеткіштер мен нақты шаралар анықталған. Мәселен, аграрлық ғылымды жануарлардың түрлері мен жаңа тұқымдарын шығаруға емес, әлемде ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізу бойынша қайта бастау ұсынылады.

Министрлік құрамында үш университет және 23 ҒЗИ бар. Кеңейтуге байланысты олардың санын екі есе азайту туралы шешім қабылданды. Ғылымның нақты өндірістен алшақтығын еңсеру керек. Жетекші және ғылыми кадрлар прогрессивті ойлау мен өндірушілердің өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату қажеттілігіне бағдарлану қағидасына сәйкес таңдалып алынады.

АӨК цифрландыру аясында негізгі басымдық дәлме-дәл егіншілік және ақылды фермалардың элементтерін енгізуге беріледі. Олардан елеулі нәтиже күтіледі.

Бірінші кезеңде геопозициялық, вегетациялық, агрохимиялық, гидрогеологиялық жер өңдеу және метеорологиялық қабаттары бар алқаптардың электронды карталарын жасау қажет.

Алдын-ала мәліметтер бойынша 2018 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқаптары 21,8 млн гектардан асады. Дәнді дақылдарды 14,7 млн гектарға, оның ішінде бидайды 11,4 млн гектар жерге егу жоспарланып отыр. Майлы дақылдар шамамен 2,6 млн гектар жерге егіледі.

Биыл өңірлердің өтінімдері бойынша 375 мың тонна дизель отыны қажет. Қазіргі таңда энергетика министрлігі облыстарды МӨЗ-ге бекіту кестесінің жобасын қарастырып жатыр.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін Жобалық офис құрылды. АӨК бағдарламасының сәулеті және Жобалық офис инфрақұрылымы салынды.

Экспорттың өсуіне арналған шаралар кешені

Өнімдерді экспорттау бойынша міндеттерге қол жеткізу үшін биыл сәуір айында импорттаушы елдердің талаптары көрсетілген АӨК басымдықты экспорттық нарықтарының және тауарларының тізімі жарияланады, АӨК өнімдерін экспорттау бойынша ақпараттық-талдау базасы (үнемі жаңартылып тұрады) құрылады.

Екіншіден, брендтеуді, сертификаттауды, өндірісті ынталандырудың және отандық органикалық және халал өнімдерді сыртқы нарықтарға шығарудың нақты шаралары қабылданады.

Үшіншіден, көліктік-логистикалық мәселелерді шешу үшін АӨК логистика картасы әзірленеді. Импорттаушы елдермен ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарды бекіту жұмыстары күшейтіледі.

2017 жылғы желтоқсанда қой еті бойынша бес қазақстандық кәсіпорын Қытайға өнім экспорттауға құқылы экспорттаушы кәсіпорындардың тізіміне енгізілді. Алты кәсіпорынды бал бойынша және он кәсіпорынды балық бойынша тізімге енгізу жоспарланып отыр. Қытаймен сиыр еті, қойлар мен түйелерге арналған ветеринарлық талаптар бойынша, зығыр, үрме бұршақ, асбұршақ, мақсары, бақша дақылдары, жоңышқа және жомға арналған фитосанитариялық талаптар бойынша хаттамаларды мақұлдау көзделген.

Иранмен сиыр еті мен тірі малға қойылатын талаптарды бекіту жұмыстары аяқталуға тақап қалды, Сауд Арабиясымен малды сою мен өсіруге экспорттау бойынша ветеринарлық сертификат дайындалып жатыр. Израильмен, Кувейт, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, ЕО-мен келіссөздер жүргізу жоспарланған.

АШМ басымдықты елдердегі (Қытай, Иран, Франция, Италия, Австралия және Канада) ҚР елшіліктерінің штатына АӨК мәселелері бойынша өкілді (кеңесші, атташе) қосуға бастама білдірді.

Мал шаруашылығында етті мал өсіру мен қой шаруашылығы салалары дамудың стратегиялық бағыттары болуы тиіс.

Ет экспортын ұлғайту үшін кооперацияны дамыту тәсілі қайта қаралатын болады. Шағын және орта фермерлерді ірі бордақылау алаңдарымен біріктіріп дамыту ынталандырылады, олар өнімді өткізуге, технологияларды таратуға, қаржыландыруға қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Кооперацияның бұл жаңа түрі көлденең және тік кооперация элементтерін пайдалана отырып АӨК-тің ірі және шағын субъектілерін экономикалық біріктіруге мүмкіндік береді.

Бүгінде республикада бірігудің осыған ұқсас схемалары бар, мәселен, етті мал өсіруде Ақтөбе облысында «Ақтеп» КТ, Ақмола облысында «ҚазБиф» ЖШС, Қостанай облысында «Север Агро» ЖШС және «Терра» ЖШС, сүт өндіруде Қарағанды облысында «Нәтиже» ЖШС, ШҚО-да «Восток-Молоко» ЖШС және т.б.

Қазіргі таңда Министрлік бизнеспен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп зәкірлік ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың болжалды модельдерін әзірледі.  

Мысалы, етті мал шаруашылығында зәкірлі кәсіпорын — экспортқа бағдарланған бордақылау алаңы болады, ол малдың тұқымдық құрамын түрлендіру үшін асыл тұқымды бұқаларды беру, асыл тұқымды төлдейтін малды өсіруге және ұстауға беру, мал азығын форвардтық сатып алу арқылы шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы кооперативтерін және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сиыр етін өндіруге тартады және өсірілген бұқаларды нарықтық баға бойынша кепілдендірілген сатып алуды қамтамасыз етеді.

Осындай мысалдардың бірі — Ақтөбе облысында “Ақтеп” компаниялар тобының зәкірлік кәсіпорнының базасында ашылған Ет кластері. Ол 10 мың басқа арналған асыл тұқымды репродуктордан, 13 мың бас малға арналған экспортқа бағдарланған бордақылау алаңынан, жылына 7,2 мың тонна сиыр етіне арналған заманауи ет өңдеу кешенінен және жылына 20 мың тонна шығаратын құрама жем зауытынан тұрады.

Осыған байланысты 300-ден астам орташа фермерлер мен ШҚ біріктіретін бірыңғай кластер құрылды, ол барлық технологиялық тізбектерді қамтиды: асыл тұқымды малды өсіру, мал азығын өндіру, малды заманауи бордақылау, өңдеу, өнімдерді өткізу. Кластердің негізгі қағидаты — жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қатысушылардың мүмкіндіктерін бірлестіру.

Нәтижелерден көретініміз — 2011 жылы құрылған кәсіпорын кластердің жиынтық түсімін сегіз есеге 500 млн теңгеден 4 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Бұдан өзге, алты жылдың ішінде сиыр етінің өндірісі 323 тоннадан 3 078 тоннаға дейін өсті (10 есеге), асыл тұқымды мал саны 2 497-ден 9 725 басқа дейін артты, сауда малының саны 6,7 мың бастан 25,7 мың басқа дейін өсті, жайылымдарды пайдалану 231,3 мың га-дан 458,3 мың га-ға дейін артты.

Әкімдіктер мен облыстардың АШТӨ, салалық одақтар мен шетелдік сарапшылардың өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылғы 31 қаңтардағы «Актеп» базасындағы Ет кластерінің тәжірибесін жан-жақты талқылау аталған практиканы мемлекеттің қажетті бағдарламаларды қолдау кезінде тиімді тираждауға болатынын көрсетті.

Сүтті мал шаруашылығында инфрақұрылым құрып және сүт дайындау бойынша логистиканы қалыптастыратын, сүт сапасын бақылауды жүзеге асыратын, құрама жем тарату бойынша қызметтер көрсететін сүт өңдеу зауыты зәкір болады. Сондай-ақ қажетті жемшөп базасын қамтамасыз ету мақсатында сүт өндірушілер жемшөп өндірушілермен өзара әрекет етеді.

Екі жағдайда да зәкірлі кәсіпорындар шығарылатын өнім сапасын бақылау мәселелерін сүйемелдейді, зоотехникалық және ветеринарлық қызмет көрсетеді және заманауи технологияларды қолдану бойынша оқытуды ұйымдастырады.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың ұсынылған үлгілері еңбек өнімділігін арттыру мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетудің тиімді құралы болып табылады. Зәкірлі ауыл шаруашылығы кооперативтерінде зәкірлі кәсіпорынға байлау қарастырылған, ол өз бетінше өзара қарым-қатынасты және нарықтың басқа қатысушыларымен қаржылық реттеуді қалыптастырады.

Әлемнің 5 үздік ет экспорттаушысының қатарына қосылу

Экспорттық әлеуетті игеруге қажетті алғашқы қадамдар жасалды және нақты нәтижелер бар, бастысы қажетті табысты тәжірибе алынды.

Осылайша, ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша бағдарламаларды іске асыру елімізде етті мал шаруашылығы негіздерін құруға серпін болды — 60 мың тонна жоғары сапалы сиыр етін экспорттауға инфрақұрылым жасалды, нақты айтқанда:

•  асыл тұқымды 55 мың ірі қара мал басын әкелумен (жалпы мал басының тек 1% ғана) 86 репродуктор құрылды — асыл тұқымды мал басының үлесі екі есе, 304,3 мың мал басына ұлғайды;

• «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын шағын және орташа фермерлер саны 16 мыңға жетті, ШФШ-дағы мал үлесі саладағы 5 жылдағы ең жылдам өсімді қамтамасыз етіп 5%-дан 35% дейін өсті;

•  жалпы қуаттылығы экспортқа 60 мың тонна болатын 34 индустриялық бордақылау алаңы мен 12 ет комбинаты құрылды;

• заңанамалық база және саланың жұмыс жасауына мемлекеттік қолдау шаралары құрылды.

Қазіргі тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанның шағын және орташа фермердерді өңірлік кластерлердегі ірі жемшөп алаңдары бар кооперацияларды дамыту үлгісі негізінде таяу уақытта әлемнің 5 үздік ет экспорттаушыларының қатарына қосылуға нақты мүмкіндігі бар, олар өнімдерді өткізуді, технологияларды, білімді таратуды және қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Су ресурстары, жер қатынастары саласындағы міндеттер

АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша міндеттерді орындау үшін биыл трансшекаралық және республикалық су шаруашылығы құрылымдарын қамтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 8,8 млрд теңге бөлінді.

2018 жылы 15 апатты су қоймасының қалған 8-інде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады. 22 жаңа су қоймасын салу жоспарланған, бұл болашақта 160-180 мың га суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Су нысандарының экологиялық жағдайын сақтау үшін табиғатты қорғау мақсатында 1,4 км3 көлемінде су жіберу жалғасады.

Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерді сумен қамту және су бұрудың бірыңғай операторының тұжырымдамасын жасау жоспарланған.

Орман шаруашылығы, жан-жануар әлемі және айрықша қорғалатын аумақтар тұрғысынан АӨК үшінші жаңғырту аясында екі бағыт бойынша іс-шаралар қарастырылған: биологиялық ресурстарды тұрақты басқару және АӨК цифрландыру.

Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту картасын әзірлеу қолға алынды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге ормандар мен орман өсіру көлемін жыл сайын 10 мың гектарға арттырудың қадамдық жоспары бекітілді.

Бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтау үшін Орал-Атырау бекіре  балық зауытын жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі пысықталуда. Зауытты жөндеу бекіре тұқымдас балық түрлерінің аналық тобының күтіміне жағдайлар жасау және жылына 3,5 млн-нан 6 млн дейін табиғи ортаға бекіре тұқымдастардың шабақтарын шығару көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы биологиялық әралуандықты сақтау және тұрақты пайдалану мәселелерін жүйелі шешу АӨК дамуының 2021 жылға дейінгі бағдарламасының жеке бөлігінде көрініс табады.

Жер ресурстарын басқару саласында 2018 жылы жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар мінддеттер жоспарланған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында аталған ғарыш түсірілімдері негізінде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге бақылау жүргізу үшін геопортал құру жоспарланған.

АӨК дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында топырақ, геоботаникалық іздеулер және топырақты бағалау бойынша жұмыстар жалғасуда, оның нәтижелері бойынша электронды, геоботаникалық карталар жасау жоспарланған.  

Әкімдіктер жалпы ауданы 10 млн га өнеркәсіп жерлерінде және айрықша қорғалатын аумақтарда жер қорын тексеру жұмыстарын бастады. Тексеру аясында 1208 елді мекеннің шекараларын белгілеу жұмыстары жалғасын табады.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанда бірыңғай құқықтық және жер кадастрін құру бойынша ұсыныс жасады. Биыл Бірыңғай мемлекеттік қозғалмайтын мүлік кадастрын құру бойынша тұжырымдамалық тәсілдер әзірлеу жоспарланған, бұл Қазақстанға Doing Business Дүниежүзілік банкі рейтингісінде өз деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, «Ұлттық кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымы» жобасы аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қосылған жаңа мемлекеттік координаталар жүйесін құруды және оның негізінде Қазақстанның бірыңғай ашық цифрлық картасын құруды қарастырады.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізудің қазіргі ережелеріне жер учаскелерін сату және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сауда-саттық жүргізуді қамтамасыз ететін электронды түрде жер учаскелерін жалға алу құқықтары бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. Жер қатынастарын реттеу саласында одан әрі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинау және талдау бойынша жұмыс басталды.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2018 жылы жұмыстың тоғыз басты бағытын іске асыру жақсы нәтижелерге қол жеткізуге және АӨК-ні отандық экономканың тұрақты көшбасшыларының бірі етуге мүмкіндік береді деген сенімде.